Аймақтар • 29 Шілде, 2019

Триатлоннан Азия кубогы – Алматыдағы биылғы спорт маусымының басты оқиғасы

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы аптада, яғни 3-4 тамызда Алматыда екінші рет триатлоннан халықаралық сайыс – «2019 ASTC Almaty Triathlon Asian Cup» Азия кубогі өтеді. Додада Elite санатындағы (кәсіпқой) спортшылар сайысқа түседі.

Триатлоннан Азия кубогы – Алматыдағы биылғы спорт маусымының басты оқиғасы

Азия Кубогы Almaty Triathlon Federation және Қазақстандық Триатлон Федерациясы «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры», ҚР мәдениет және спорт Министрілігі, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті және Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Орайы келіп тұрғанда, триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті жарыс болып табылатын циклдық олимпиадалық спорт түрі екенін айта кеткен жөн. Триатлон кезеңдерін спортшылар кезекпен және үзіліссіз бағындырады. Халықаралық деңгейде триатлон Халықаралық Триатлон Одағының (ITU) ережелерімен реттеледі.

Өз кезегінде ASTC Asian Cup – Азиялық Триатлон Конфедерациясы (ASTC) өткізетін кубок сериясы.

Құрлықтық кубоктің оңтүстік астанамызда өткізілуі Қазақстандық Триатлон Федерациясының Халықаралық Триатлон Одағымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасында триатлонды дамыту мен оны кеңінен насихаттауға бағытталған жұмыстар нәтижесінде атқарылады.

Сонымен қатар, аталмыш сайыс аясында Age Group (әуесқойлар) санатындағы спортшылар «TEMIRADAM» Кубогінің VIII кезеңінің рейтингтік ұпайларын ортаға салатын болады.

Триатлоннан Азия кубогын насихаттауға ҚР мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт бойынша Комитеті, «Алаш медиа групп», Vesti.kz, Tenginews.kz, Massaget.kz, WeprojectMedia кірісті.

3 тамызда Elite санатындағы спортшылар арасындағы сайыс «триатлон» дисциплинасында «спринт» қашықтығында өтетін болады.

4 тамызда Age Group (әуесқой) «TEMIRADAM» Кубогі VIII кезеңі болады.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024