Huawei компаниясы Шэньчжэнь қаласында 5G - Mate20X (5G) технологиясы бар алғашқы коммерциялық смартфон шығарды.
Мәліметтер бойынша бұл смартфон Қытайда алғашқы болып 5G телекоммуникациялық терминалдарға арналған желілік жабдыққа лицензия алған.
Ұялы телефонның ресми бағасы 6199 юань (шамамен 900 доллар). Жаңа өнімге алдын ала тапсырыс беру 26 шілдеде Huawei компаниясының Интернет-дүкенінде басталды, ал 16 тамыз күні сатылымға шығады.