Аймақтар • 30 Шілде, 2019

Қазақстандықтар қандай балмұздақты жақсы көреді?

1231 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Балмұздақты жеуге, әсіресе, жаз мезгілінде әуеспіз. Бүгінге дейін осы сүйікті десерттің сан алуан түрі пайда болды. Қандай балмұздақты жаныңыз қалайды - бәрі бар, сөрелерде тізіліп тұр. Қазақстанда балмұздақтың өту-өтпеуі жыл мезгілімен тікелей байланысты. Жазда күн ысып, ауа температурасы көтерілген мезетте салқын тағамға ел-жұрттың ынтазары артады. Сол себепті қазақстандық өндірушілер жазда жарысқа түсіп, бәсекені қыздырады. Отандық нарықта ресейліктер өндірісшілердің үлесі айтарлықтай.

Қазақстандықтар қандай балмұздақты жақсы көреді?

«Шин-Лайн» компаниясының балмұздақ санатының директоры Дмитрий Докин: «Еуропаның солтүстік аймағында (Финляндия, Швеция, Дания, Норвегия) балмұздақ тұтынудың жылдық көрсеткіші адам басына 15 литрді құрап тұр, ал оңтүстікте (Италия, Греция, Франция және Испания) орташа тұтыну - 8 литр. Осы деректер негізінде тағам мәдениетін бақылауға болатын сияқты: солтүстікте адамдар (қысы-жазы) отбасымен балмұздақды үйде жейді, ал оңтүстікте мұздақ тәтті жаз мезгілінде жақсы сатылады. Әлбетте, жергілікті халықтың дәстүрі мен сатып алу әлеуеті сұранысқа әсер етеді. Мысалы, Ресейде балмұздақ тұтыну адам басына 2,8 келіні құраса, Қазақстанда одан да төмен - 2,4 келі. Бұл еліміздің климатына да байланысты, оңтүстік пен солтүстік тұрғындарының балмұздаққа тәбеті әртүрлі.

 «Балмұздақ нарығындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы бәсекелестік ұзақ уақыттан бері жалғасып келеді, бірде көршілер жеңіске жетсе, арасында қазақстандық өндірісшілер есесін қайтаруда.  Бұл күресте басымдық беретін екі нәрсе бар: біріншісі — теңгенің рубльге қатысты бағамы, яғни өнімнің ақырғы бағасына валютаның құбылуы әсер етеді. Екіншісі — локализация. Сырттан келетін тауарды өзіміздікімен алмастыру. Әйтеуір, қазір рубль 6 теңге болып тұрғанда біздің өнім тартымдылығын арттырып алды. Тіпті бәсекелестің балмұздағын сөреден ығыстыруда. Көп салада «импорталмастырумен» мақтана алмаймыз. Бірақ жағдай өзгеріп келеді. «Мишка на полюсе» балмұздағын көбісі ресейлік өнім деп санайды. Олай емес. Біз брендтің шлифовкасына қатты мән беріп, сапасын арттырдық, қазір ол Қазақстанда өндірілетін үздік пломбир. Биыл балмұздақ қатары жаңа дәмдермен түрленді. Сендвичке ұқсас етіп жасалған пломбир көптің көңілінен шықты. Жалпы нарықтағы жағдайды сарпатайтын болсақ, Қазақстан пен Ресей нарығындағы қазақстандық өндірушілердің парусына жел есіп тұр», - деді Докин.

Қазақстандық тұтынушылардың талғамына кеңестік тарихымыз қатты әсер еткен көрінеді. ГОСТ бойынша жасалған вафельді стақандар КСРО-ның кез келген бұрышында сатылатын. Оның дәмі бәрімізге бала кезден таныс. Жергілікті өндірушілер балмұздақтың осы түрін шыңырау шыңына шығарды: кілегейлі, пісте қосылған, құлпынай дәмімен, тағысын тағы. «Шин-Лайн» компаниясы мамандарының айтуынша, қазақстандықтар балмұздақты сирек жейді. Тәттіқұмарлардың әлемдік рейтингісінде еліміз төмен орналасқан.

 «Бомба» деген атауы бар балмұздақ лезде әйгілі болды. Оның түрлері көп, сондықтан екі жыл бойы өнімнің позитивті динамикасын байқап отырмыз - адамдардың көбісі күрделі балмұздаққа қызығады екен. Мысалы, Bahroma деген балмұздақ премиум сегментте. Bahroma өзінде түрлі дәмдердің гармониясын сақтайды. Өндіріс кезінде ең соңғы, ең заманауи технология қолданылған. Шығыс калоритін сездіретін мейіз, пісте, жаңғақ дәні, қара өрік және тағы басқа дақылдар қосылған тәтті балмұздақ таңдай қақтырады. Салқын десерттер алуан түрлі архитектурасымен және қатпарлығымен ерекшеленеді.

Әрине, күн ыстықта жеміс мұздағы да жақсы өтеді. Балаларға арналған желіде «Джусики» деген балмұздақ аса танымал. Бүлдіршіндер қыпырық кезінде шөлді басу үшін ата-аналарынан дәл осы балмұздақты сұрайтын көрінеді.

Балмұздақ сатылымына географиялық орналасудың әсері таңғалдырады: Қазақстанның оңтүстігінде майлылығы төмен балмұздақ жақсы өтеді екен: жеміс мұздағы, эскимо-таяқшасы, балқаймақ. Солтүстікте пломбир, шоколад балмұздағы, джем мен соус қосылған балмұздақтар сұраныста.

Жалпы өндірушілерден Қазақстанда балмұздақтың көптеген түрі ұсынылған. Әркімнің өз таңдауы бар, талғамдар әр түрлі. Тауар таңдағанда ең маңыздысы өндірушіден берілетін сапа кепілі екенін ұмытпайық.

 

 АЛМАТЫ