Аймақтар • 30 Шілде, 2019

Солтүстік Қазақстанда «АИ 95» маркалы бензин талонмен беріледі

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірде 108 жанар-жағармай құю бекеті жұмыс істесе, үштен бірі  Петропавл қаласында орналасқан.

Солтүстік Қазақстанда «АИ 95» маркалы бензин талонмен беріледі

Үлкен сұранысқа ие “АИ-92” маркалы сұйық отынның бір литрі 150 теңгеден сатылып келсе, енді 4-5 теңгеге қымбаттады.  “Қаз-МұнайГаз”, “Shelf”, “Эталон” және тағы басқа жанар-жағармай құю бекеттерінде  154-155 теңгеден босатылуда. Газдың әр литрі – 73 теңге, дизельдік отын– 198 теңге.

 «Қазір “АИ-92” маркалы бензиннің 2 мың тонна қоры бар. Бұдан бөлек, тасымалдаушы  операторлар  жуық арада 2,5 мың тонна  бензин жеткізіп бермек. Жанар-жағармайдың қоры өңірдің сұранысын қамтамасыз етуге толық жетеді», дейді  кәсіпкерлік және туризм басқармасының бас маманы Ләззат Ғалиева.

 Оның айтуынша, жергілікті жанар-жағармай бекеттеріне сұйық отын негізінен Павлодар, Атырау және Шымкент қалаларындағы мұнай өндіретін зауыттардан жеткізіледі.  Алғашқы екі кәсіпорын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін уақытша жабылды. Ал Шымкенттен тасу экономикалық жағынан тиімсіз.

Нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін“АИ-92” маркалы бензин Ресейдің Уфа қаласынан әкелінуде.Бірқатар бекеттерде  «АИ-95» маркалы бензин талонмен босатылуда.

Солтүстік Қазақстан облысы