Соңғы кезеңнің жеңімпазы спринтерлік жарыста анықталды. Мәре сызығын ең бірінші қиып өткен аустралиялық Калеб Юэн (Lotto Soudal) 21-кезеңнің жеңімпазы атанды. Екінші орынды нидерландтық Дилана Груневегена (Jumbo-Visma) иеленсе, үздік үштікті италиялық Никколо Бонифацио (Total Direct Energie) қорытындылады. «Астана» сапынан үздік нәтижеге Уго Уле қол жеткізді. Ол мәреге 15-ші болып жетті.
23 күнге созылған «Тур де Франс» көпкүндігінің қорытындысы бойынша, жалпы есепте 23 жастағы колумбиялық Эган Берналь (Ineos) топ жарды. Спринтерлік жарыс бойынша словакиялық Петер Саган (BORA – hansgrohe) бірінші орынды иеленсе, Ромен Барде (AG2R La Mondiale) таулы кезеңнің үздік велошабандозы атағын жеңіп алды. Ал биылғы маусымның үздік командасы деп испаниялық Movistar танылды.
«Астана» велокомандасының өкілі Алексей Луценко «Тур де Франсты» 19-орынмен аяқтады. Ал командалық есепте «Астана» 10-орынға табан тіреді.