Аймақтар • 30 Шілде, 2019

Алматыда 30 күн бойы жылжымалы медициналық қызмет көрсетіледі

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылжымалы медициналық қызмет аясында терапевт, педиатр, кардиолог және басқа да білікті дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter парақшасында жазды.

Алматыда 30 күн бойы жылжымалы медициналық қызмет көрсетіледі

«1 тамыздан бастап бір ай ішінде аудандарда сапалы медициналық қызмет көрсететін мобилді топтар болады. Жылжымалы кешендер тұрғындарды қарау үшін қондырғылармен жабдықталған. Терапевт мамандары, педиатрлар, кардиологтар және басқа да білікті дәрігерлер қабылдау жүргізеді», - делінген хабарламада.

1 тамыздан бстап бір ай ішінде аудандарда сапалы медициналық қызмет көрсететін мобилді топтар болады. Жылжымалы кешендер тұрғындарды қарау үшін заманауи қондырғылармен жабдықталған.

 АЛМАТЫ