Аймақтар • 30 Шілде, 2019

Мобильді қосымшалар уақытты тиімді пайдалануға септеседі

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада Smart Сity бағытында жаңа мобильді қосымшалар іске қосылды.

Мобильді қосымшалар уақытты тиімді пайдалануға септеседі

Жоба авторы Юрий Кожушный Қызылорда қаласының тегін анықтамалығын жасаудан идея алғандығын айтады. Оның айтуынша мобильді қосымша қоғамдық көліктердің бағыттарына сәйкес аялдамалардың атауларын және қаланың геокартасы арқылы кез келген көшелерді таба алады.

Smart Сity аясында іске асқан тағы бір жоба «Ақылды кәрзеңке» деп аталады. Супермаркеттерде сауда жасауға ыңғайлы қосымша өнімдердің штрих-код арқылы бағасын білуге мүмкіндік береді.

- Менің жобам адамдардың уақытын жақсы пайдалану әрі қаржысын тиімді пайдалануға үйретеді. Мәселен, сіз 10 мың теңгеге сауда жасауға келсеңіз, ақылды кәрзеңке 10 мың теңгеден асып кетсе дабыл беріп, ескерту жасайды,-дейді жоба иегері Қымбат Тұрсынтай.

Білімді жастар Smart Сity аясында 26 жобаны іске қоспақ. Бұл жаңашылдық адамдардың өмір сапасын жақсартуға септеседі.

Қызылорда облысы