Аймақтар • 30 Шілде, 2019

Қаза тапқан 13 әскери қызметшіге мемориалдық тақта орнатылды

512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы аумағында "Ми-8" тікұшағының бортындағы 13 қаза тапқан әскери қызметшілерге арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.

Қаза тапқан 13 әскери қызметшіге мемориалдық тақта орнатылды

Ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов пен ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев және жауынгерлердің достары мен ағайындары қатысты.

"Бейбіт заманда 13 сарбаздың қаза болуы – барлығымыз үшін ауыр қайғы. Сондықтан, қаза тапқан азаматтардың отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Олардың есімдерін халық жадында мәңгі сақтауы үшін қаза тапқандардың құрметіне ескерткіш орнатып отырмыз", - деді облыс әкімі.

«Бұл сарбаздардың ғұмырлары қысқа болса да, өздерінің парыздарына адал болып, мағыналы өмір сүрді. Біз олармен мақтанамыз және олардың ата-аналарына осындай ұлдарды өсіргені үшін алғыс айтамыз. Қаза болған қызметкерлердің отбасыларына алдағы уақытта да жан-жақты көмек көрсетіледі. Әрине, бұл олардың қайғысын жеңілдетпейді, бірақ біз қолдан келген көмегімізді аямаймыз»,- деді ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.

Ескерткіштің ашылуы рәсімінен кейін құрбан болғандардың рухына бағышталып ас берілді.

 

Қызылорда облысы