Аймақтар • 30 Шілде, 2019

Қармақшы ауданында құс фабрикасы салынып жатыр

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құс фабрикасын 2019 жылы іске қосу жоспарланған.

Қармақшы ауданында құс фабрикасы салынып жатыр

Бүгінде «Байқоңыр» ӘКК ҰК АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен жобаны қаржыландыру мәселесі бекітілді. Осы шешім бойынша «Қармақшы - құс» ЖШС Біріккен Кәсіпорны құрылған болатын.

«Жобаның ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Жобаның жалпы сметалық құны 1млрд 978,2 миллион теңгені құрайды. 2018 жылы облыстық бюджеттен («Байқоңыр» ӘКК ҰҚ) жобаны іске асыруға жоспарланған 558,6 миллион теңгенің 458 миллион теңгесі бөлініп, бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта әкімшілік және бақылау-өткізу пунктінің ғимараттарының құрылысы, алты құс цехының ірге тасы қаланып, инкубациялық цехтың құрылыс жұмыстары 95 пайызға орындалды. Құс фабрикасының аумағы толық қоршалды», - деп хабарлайды аудан әкімі баспасөз қызметі.

 

Қызылорда облысы