1920 жылы «Ұшқын» газетінің №25 санына шыққан «Коммунистер кімдер?» мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.

Коммунистер кімдер?
(жолдас Калининның сөзі)
Коммунист деген сөзді әркімдер біледі. Бірақ коммунистердің дұспаны аз емес. Оның себебеі коммунист деген сөздің асыл мағынасын дұрыс ұға алмағандық. Коммунист дегендерді мұндай бір бөлек халық – өзінің азғана халқы үшін ғана дүниенің бар жақсылығын іздеп жүргендер деуге болмайды. Коммунист дегендер олар жалпы бейнетқор халықтың көшбасшылары. Бұлардың мақсұты еш халықтың өмірінше бейнет сүріп, оның үмітіне жоқтық зарын тартпаса екен һәм өзі бейнеттенбей бейнет қылушылардың арқасында рахатпен өмір сүрушілер де болмаса екен деген.
Соның үшін адам баласының барлығы бірдей болып, тегіс өз күштерімен еңбек етіп, өмір сүрулерін тілейді. Әгәр біреу еңбек етсе, оған әлінен келетін жұмыс берілуі тиіс һәм мәмләкәт қол астында жалпы халықтың еңбегіменен табылған халыққа пайдалы нәрселер болса, олар жұртқа тегіс бөлініп берілуі тиіс.
Өз басына бөлек еңбек қылудан шығып, жалпы шаруа еңбек ұйымына бірігу.
Қазіргі заманда біздің бәрімізге мәлім: бөлек өз басымызға болмаса өз үйіміз үшін ғана еңбек қылып, бөтендерден бөлініп қалу мүмкін еместігі. Бұл мақалды шаруалар мұнан бірнеше жүз жылдар шамасында айнала тоғай-орман , батпақпен (томар) қамаулы әр халық тап-табымен тұрып, өмір сүрген замандар да ғана мүмкін болған. Біздің совет Республикасы үлкен дальный востоктан күнбатысқа дейін, солтүстіктен оңтүстікке дейін созылады. Бұл республиканың бір жерлері бар күннің көзі кісінің қақ төбесінен түсіп, қыздырып тұрады. Екінші жерінде жаз үш-ақ ай болады. Міне, осындай себептермен біздің мәмләкәтімізде бір түрмен шаруалық жүргізу мүмкін емес. Соның үшін де бір жерде егін егіледі, бір жерде темір-тас көмір табады.
Осы әртүрлі кәсіп етушілердің барлығы да бірінен-бірі керегін алмай күнелте алмайды. Коммунистер осылардың барлығын біріктіріп, жалпы мәмләкәтта шаруа-еңбек ұйымын орнатпақ һәм ол ұйымның жемісін жалпы халыққа бірдей үлестірмек. Бұл жұмыс бір кісінің қолынан келмейді. Жалпы халықтардың еңбектерінің күшімен болашақ.
Коммунистерді не нәрсе қуаттандырады?
Біздің тұтынған жолымыз .... шаттық. Совет республикасы үшін ақ жүрек, шын ықыласпен қызмет қылып жүргендердің бәрі де шаршаулы. Шаршамағандар ....... Кім де кім халқына жаны ауырса, сол кісі арына шаршаған. Бірақ біздің көздеген мақсұтымыз бір минут демалуға пұрсат бермейді һәм демалу деген нәрсе көздеген мақсұтымыз жақын, жеңуімізге көзіміз жетіп, жеңу сызығын аттағалы тұрғанда һеш мүмкін емес.
Алдымен жеңіп, сонан соң демалу керек. Егер біздің қолымызда зеңбірек, пулеметтер, қаһарманды қызыл әскерлер тұрған уақытта дұспанымызды жеңуге таяп келген шамада шаршадық деп берекемізді кетірсек, келешекте нәсіл-нәсебептеріміз бізге айтпақшы: аталар, қолдарыңда қару, зеңбіректер бола тұрып, мың жылдық жауды ... жеңуге таяп келгенде шаршауды қабыл қылып, соғыстан қашып, барлық істі жойдыңдар деп. Коммунистер жалпы еңбекшілдердің шын ұлдары, шын қаһармандары. Олар бүкіл бйенетқор халықтардың алдында я өлеміз, я бостандықты бейнетқорларға алып береміз деп ант берген сабаздар. Осы айтылған бостандық һәм болашақ: Пәлектің паңдары, ағылшынның алтыауыз алпауыттары һәм Американың фабриктері бұл бостандықты болдырамыз деп жүрген неше миллион халықты һәм қаһарман қызыл әскерді жоя-алашақ емес.
Twitter Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми аккаунтын бұғаттады
Оқиға • Бүгін, 11:42
Елімізде республикалық «Жас өрен» байқауы өтеді
Қоғам • Бүгін, 11:38
Михаил Кукушкин Чикаго турнирінің екінші айналымына өтті
Теннис • Бүгін, 11:25
Қазақстанда «Ланъя» вирусы тіркелген жоқ
Медицина • Бүгін, 11:15
Ұлытауға қыркүйектен бастап «Тальго» пойызы қатынайды
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Рыбакинаның Торонто турниріндегі келесі қарсыласы белгілі болды
Теннис • Бүгін, 10:57
10 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
«Восточный» көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 10:37
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде бір саты төмендеді
Спорт • Бүгін, 10:25
Қытай мен Өзбекстанға рейстер саны артты
Қазақстан • Бүгін, 10:17
Қазақстандықтардың орташа жалақысы 312 мың теңгеден асты
Қаржы • Бүгін, 10:07
Қазақстан мен Түрікменстан арасында көпір бой түзеді
Әлем • Бүгін, 10:00
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматы облысында әскери қызметкер қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:42
Шөптегі хоккей: Қазақстан құрамасы Сингапур спортшыларын ұтты
Спорт • Бүгін, 09:37
Қашағанда мұнай қайта өндіріле бастады
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Бүгін – Абай Құнанбайұлының туған күні
Абай • Бүгін, 09:18
Елімізде 2389 адам індеттен жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Тағы 1650 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Үздіктер қатарынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Торонтода табысқа жете ала ма?
Теннис • Бүгін, 08:39
Халықаралық олимпиада жүлдегері
Білім • Бүгін, 08:37
«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр
Қоғам • Бүгін, 08:35
13 қызметті автоматтандыру жоспарланған
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Теннис • Бүгін, 08:32
85 миллион теңгеден астам берешегін қайтарған
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:27
Колумбия үлкен өзгеріс қарсаңында тұр
Әлем • Бүгін, 08:25
Ақсақалдар кеңесі Бішкекте бас қосты
Саясат • Бүгін, 08:23
Абай күні кең көлемде атап өтілуде
Абай • Бүгін, 08:20
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар