Жаңа бағыттың қозғаушы күші – жастар
Жұма, 4 қаңтар 2013 7:45
Елбасы тарапынан еркін елдің ертеңі іспеттес кейінгі толқынның білім алуы мен азамат болып қалыптасуына жасалып отырған қамқорлық шексіз. Әрине, бұған тек терең білім, еселі еңбекпен ғана жауап беру қажет деп есептейміз. Қандай қамқорлықтың да қайтарымы болуы қажет. Егер біздер, жастар өкілдері – оқу мен еңбекте белгілі бір табыстар мен нәтижелерге жетсек – қайтарым дегеніміз де осы болып шығар еді. Замандастарымыздың жеке бастамашылдық өнегелері де осы арнаға қосылса, артылған сенім ақталары анық.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы ұрпақтар сабақтастығының жаңа да жарқын беттерін ашатыны белгілі болып отыр. Елбасының аға, ортаңғы және кейінгі буын өкілдеріне сөз арнауы осы пікіріміздің дәлелі. Сабақтастық дегеніміз – жәй ғана айтыла салар сөз емес. Оның дәл анықтамасын осы кезге дейін Елбасының өзінен асырып айтқан ешкім жоқ. Бұл өз кезегінде бабаларымыздың еркіндік пен егемендікке жету жолындағы асқан ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы деген ұғым екен. Мәңгілік ел болуымыздың басы да осы үш тағаннан басталатынын Елбасымыз шегелеп атап көрсетті.
Қоғам мүшелерінің бақытты өмір сүруі мен тұрмыс кешуінің өлшемдері қандай? Осындай өлшем бар ма, өзі? Біз бар деп санаймыз. Мұндай нық та, берік байламға келуімізге республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кешегі кейінгі толқын жастарға арнап сөйлеген сөзі ықпалын тигізді деп білемін. Біздің ойымызша мұндай бақыт Елбасы атап көрсеткендей, тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алу деп ой қорыта аламыз. Міне, дәл осындай бақыт біздің буынға бұйырыпты.
Қол жетпес қияннан биік те тың мақсаттарға жететін құдыретті күш – жастардың азат ойы мен кемел білімі деп тұжырым жасады Елбасы. Осындай биік өреден көрінуге ұмтылсақ – ұрпақтар сабақтастығының ғұмыры да ұзақ, мәңгілік болып қала беретіні хақ.
Серік МОЛДАҒАЛИЕВ,
Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты
мәселелері басқармасының бастығы.
ОРАЛ.