Сенаторлар Ақтоғай ауылдық округінде орналасқан суармалы учаскелерде, егістік алқаптарында және өндіріс нысандарында болды. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыру мақсатында сақтау қоймаларын салуды жалғастыру және дамудың басқа да өзекті мәселелері талқыланды.
Депутаттар Ақтоғай ауылдық округінің Харьковка, Приреченское селоларының аумағында болып, шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті және егістіктің жай-күйін қарап, шаруашылықтарды дамытудың алдағы жоспарлары туралы әңгімелесті.
Сенаторлар Манап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатов Ақтоғай ауданындағы жұмыс сапарын қорытындылай келіп ауыл шаруашылығы саласындағы оң көріністерге тоқталды. Сондай-ақ агроқұрылымдардың мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы арта түскенін, өндіріс қуаттарының ұлғайғанын, өңірдің аграрлық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің маңызын атап өтті.