Аймақтар • 31 Шілде, 2019

Ертең Алматыда Денсаулық айлығы басталады

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасы 1-30 тамыз аралығында қаланың сапалы медициналық қызметке зәру аудандарына мобилді топтарды жібереді.

Ертең  Алматыда Денсаулық айлығы басталады

Денсаулық айлығына басқарманың Алматы қаласындағы ведомстволық бағынышты медициналық ұйымдары қатысады. Айлықтың мақсаты – медициналық қызметке бір қадам жақын болуды қамтамасыз ету.

Басты міндет – бірінші кезекте балалардың, азаматтардың денсаулығын сақтау мен нығайту және аурудың алдын алу. Тұрғындарды жан-жақты тексеру үшін жылжымалы кешендер қажетті қондырғылармен толық жабдықталған.

«Терапевтер, педиаторлар, кардиологтар және басқа да білікті дәрігерлер қабылдаулар жүргізеді. Денсаулық айлығы барысында қалалықтар ағзадағы холестерин, қандағы қанттың деңгейін білу үшін сараптамадан, ВИЧ-ке және тері-соз ауруларына қатысты экспресс- тестілеуден өтеді, дене салмағы бойынша антропометриялық қорытынды алады, көз қысымын өлшетіп, ФГ арқылы тексеріледі және фтизиатордың қабылдауында болады. Бұлардан өзге, медицина қызметкерлері «Халықты тіркеудің регистрі» бойынша толық мағлұмат береді, мобилді қосымшамен қалай жұмыс жасауға болатындығын түсіндіреді. Қалалықтарға скрининг және міндетті медициналық сақтандыру бойынша толық ақпарат ұсынылады»,- дейді Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері.

Денсаулық айлығы кезінде: флюрография, рентген аппараттарымен жабдықталған бес машина, екі жылжымалы медициналық кешен, диагностикалық қондырғы (ЭКГ, Рентген- зерттеу, ФГДС)  қызмет көрсетеді.