05 Қаңтар, 2013

Үмітіміз зор

285 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Үмітіміз зор

Сенбі, 5 қаңтар 2013 8:20

Жуырда ғана Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» атты кезекті Жолдауын жариялағаны белгілі. Өз басым оқырман ретінде үтір, нүктесін қалдырмай оқып шықтым. Әсіресе, біздің салаға қатысты жерлеріне ыждағаттылықпен мән бердім. Президент еліміздің мектепке дейінгі білім беру жүйесі жаңа әдіске көшу керектігін осы жолы да айтыпты. Өз бастамасымен құрылған «Балапан» бағдарламасын елдегі демографиялық өсімге байланысты 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылдап, Үкімет пен әкімдердің алдына балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100 па­йыз қамтуға қол жеткізу міндетін қойыпты. Біз бұған қуанып отырмыз. Өйткені, бұл бағдарлама елімізде әлеуметтік жағдайы түрлі деңгейдегі отбасылардың бар екеніне қарамай, барлық баланың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіреді.

Өз басым мемлекеттің қолдауымен, кәсіпкерлердің «Даму» бағдарламасының арқасында отбасылық бизнеске қолым жетіп, 2011 жылы «Гауһар тас» атты қазақ балабақшасын аштым. Мақсатымыз – бүлдіршіндерге өнегелі тәрбие беру, ана тілін қадірлеуді, салт-дәстүрімізді құрметтеуді үйрету, сондай-ақ, еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің достастығына сызат түсірмеуді қолға алу.

Балабақшамыз мемлекеттік білім беру стандарты бойынша «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз», «Өзін-өзі тану», «Балбөбек», «Қарлығаш» бағыттары бойынша жұмыс істеп, қазақ, орыс, әзербайжан, түрік, татар, неміс балалары тек қана қазақ тілінде сөйлеп, тәрбие алып жатыр.

Бізде қазіргі таңда 80 бүлдіршін тәрбиеленуде. Болашақта 170-180 бүлдіршінді қабылдауға мүмкіндігіміз бар. Бірақ, 40 мың теңге көлеміндегі төлемақыны барлық ата-аналардың қалтасы көтермейтіні белгілі. Сондықтан, «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік дотацияға қол жеткізсек деген тілегіміз бар. Егер де осы дотацияға қолымыз жетсе, онда ата-аналар үшін әрбір балаға төленетін төлемақы едәуір азаяды. Бұл ата-аналар үшін де өте пайдалы болар еді. Өйткені, қазіргі таңда мемлекеттік балабақшаға көп ата-аналардың қолы жете бермейді. Сондықтан, Елбасының Жолдауымен қанаттанып, алдағы күндерге үміт артып отырмыз.

Ұлболсын МАХАНБЕТОВА,

«Гауһар тас» балабақшасы­ның меңгерушісі.

Соңғы жаңалықтар