Қоғам • 01 Тамыз, 2019

Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық бірыңғай медиация күнін өткізеді

868 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясы 2019 жылғы 5 тамызда елімізде Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы күшіне енген күніне арналған «Республикалық бірыңғай медиация күнін» өткізеді. Бұл туралы Ассамблеяның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық бірыңғай медиация күнін өткізеді

Барлық өңірлердегі ҚХА Достық үйлері базасында сағат 11.00-ден 16.00-ге дейін Ассамблеяның дәстүрлі жыл сайынғы «Медиация кабинеттерінің ашық есік күні» акциясы өтеді. Ол қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы медиация институтын дамытуға бағытталған. Іс-шаралар барысында медиаторлар қызығушылық танытқан барлық азаматтарға кеңестер береді және өтеусіз негізде медиативтік келісімдер жасайды.

Акция соттардың, прокуратураның, әділет органдарының, жергілікті атқарушы органдардың, қоғам қайраткерлерінің, кәсіби медиация орталықтары өкілдерінің және т.б. қатысуымен ұйымдастырылады.

Іс-шаралар барысында ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы мүшелері медиацияны дамыту мәселелері бойынша тұрғындар арасында сауалнама жүргізуі көзделген.