«Стратегия-2050» – орталық қызметінің басымдығы
Жұма, 11 қаңтар 2013 7:29
«Назарбаев орталығы» ММ-інде Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған ұзақмерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы талқыланды.
«Назарбаев орталығы» ұжымының алдында сөз сөйлеген мекеме директоры Қанат Саудабаев елдің ұзақмерзімді стратегиялық бағытынан туындайтын міндеттер туралы айта келіп, «Қазақстан-2050» Стратегиясын Елбасымыздың көрегендігі мен стратегиялық ұтқырлығының және бір нақты дәлелі» деп атады.
Жұма, 11 қаңтар 2013 7:29
«Назарбаев орталығы» ММ-інде Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған ұзақмерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы талқыланды.
«Назарбаев орталығы» ұжымының алдында сөз сөйлеген мекеме директоры Қанат Саудабаев елдің ұзақмерзімді стратегиялық бағытынан туындайтын міндеттер туралы айта келіп, «Қазақстан-2050» Стратегиясын Елбасымыздың көрегендігі мен стратегиялық ұтқырлығының және бір нақты дәлелі» деп атады.
15 жыл бұрын, 1997 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтарға көптеген адамдар үшін қиял болып көрінген «Қазақстан-2030» мақсатты Стратегиясын ұсынған еді. Оның сәтімен жүзеге асырылуына күмәндануға да негіз жоқ емес-ті. Өйткені, ол уақытта Қазақстан Кеңес Одағының ыдырауынан енді ғана айыққан әрі бірыңғай экономикалық жүйесі жоқ, шын мәнінде күн тәртібіне егеменді мемлекет ретінде өмір сүру мәселесін қойған ел-тін. Аға буын кәсіпорынның бүйірінен қадалған қаржының құнсыздануы мен жұмыссыздықтың жоғары шегін, электрдің өшірілуі мен дүкеннің жартылай бос сөрелерін және басқа да сол кезеңнің белгілерін әлі ұмыта қойған жоқ, деді Қ.Саудабаев. Дегенмен, елдің ұзақмерзімді стратегиялық даму бағытын айқындап алған Мемлекет басшысы елдің магистральді бағытынан ауытқымай, сенімді өсу жолына түскен нақты бағдарды белгіледі. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспар белгіленсе, олардың ең бастыларына бүгінде қол жеткізілді. Оның жарқын дәлелі Қазақстанның посткеңестік және одан тыс елдерде жетекші позициядағы табысты, динамикалық дамушы мемлекетке айналғанына сенуге болады. Қазақстан Республикасы болашаққа ұмтылған қуатты мемлекет, халықаралық аренада жауапты серіктес ретінде қалыптасты.
Сөзін әрі қарай жалғаған Қ.Саудабаев «2050 Стратегиясы» Қазақстанның ұзақмерзімді басымдықтары мен мүмкіндіктерінің прагматикалық бағаларын, әлемдік өркениеттің дамуы мен нақты жағдайын есепке алып әзірленгенін атап өтті. Мемлекет басшысының жаңа бағдарламасының Қазақстанда, сондай-ақ шетелдіктердің арасында кеңінен қолдау табуы да кездейсоқтық емес… Сөз Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің дамыған және өркендеген 30 мемлекетінің қатарына қосылуы туралы болып отыр, стратегияның ең басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын түбегейлі арттыру. Және ол әрдайым Мемлекет басшысының барлық жасампаз қызметінің квинтэссенциясы болып келеді.
Жаңа Жолдауында Президент Н.Назарбаев мемлекетті әрі қарай нығайту, оның қауіпсіздігі мен азаматтарының әл-ауқатын арттырудың кешенді шараларын, қазақстандық қоғамды жаңғыртудың жаңа белесіндегі стратегиялық басымдықтарды анықтады.
«Назарбаев орталығы» жұмысының басты бағыты – тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуын зерттеу мен көпшілікке кеңінен таныту біздің бұдан кейінгі жұмысымыздың негізі болып қала береді, деді өз сөзінде «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесі мұрағаттық-кітапхана қызметінің басшысы Әсия Тоқтауылқызы. Әсия Сүлейменованың пікірінше, «Қазақстан-2050» Стратегиясында болашақтың нақты, толық жоспары қамтылған. Ол «Біздің болашағымыз қандай болады?» деген сұраққа жауап береді. Оның табысты жүзеге асырылуы үшін біз өзіміздің санамызды өзгертуіміз керек, өз-өзімізді тәрбиелеуіміз керек, алдымызға биік мақсаттар қойып, елімізбен бірге соған ұмтылуымыз керек.
«Назарбаев орталығы» музей құндылықтарын есепке алу, сақтау, реставрациялау және консервациялау қызметіндегі қор сақтау бөлімінің бастығы Наталья Вовк Жолдауда көтерілген ең маңызды мәселе деп адам капиталын дамытуды атады. Сөзімнің дәлелі ретінде Қазақстанда туып-өскенімді, тегін білім алып, беделді ұжымда мамандығым бойынша қызмет етіп келе жатқанымды айтар едім. Мемлекет маған еңбек етуге, демалуға, медициналық қызметке кепілдік береді, «Назарбаев орталығында» әрі қарай да кәсіби жетілдіруге: біліктілікті тегін арттыру, жаңа технологияларды меңгеру, заманауи құрал-жабдықтармен жұмысқа жағдай жасалған. Осы қаңтар айында Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысушы ретінде көптен күткен пәтердің де кілті қолыма тиді, деп ұжымға өзінің қуанышын жеткізді.
«Назарбаев орталығының» ұжымы соңғы 20 жыл ішіндегі республикада жүргізілген кең ауқымды реформалар туралы және Қазақстанның көпконфессиялы және көпэтносты қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы жетістіктерін атап өтіп, экономикалық және саяси тұрақтылық пен аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне де тоқталды.
Жиналыста сөз алған экспозициялық-көрме, экскурсия жұмысы мен экспонанттарды қорғау қызметіндегі экскурсия бөлімінің сарапшысы Алтынтас Сатарбай: «Нұрсұлтан Назарбаев бізге лайықты болашаққа бағытталған жаңа саяси және экономикалық жолды нұсқады. Сондай-ақ Президент бүгінде мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын тілге тиек етті. Бұл – жастар үшін басымдықтары нақты көрсетілген өте маңызды құжат», деді.
Жиналысқа қатысушылардың пікірінше, «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі межелерін елдегі және шетелдегі қалың қауымға жеткізу мен түсіндіру «Назарбаев орталығы» қызметінің маңызды басымдығы болып белгіленген.
Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық бастамаларын толығымен қолдай отырып, біздің Орталықтың қызметкерлері өзге де қазақстандықтар сияқты барлық күш-жігерін Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындауға жұмсайтын болады деп сенемін. «2050 Стратегиясында» мазмұндалған жоспарлардың барлығы сәтті іске асырылатыны сөзсіз, оған ұлтымыз бен Елбасымыздың бірлігі, халқымыздың сарқылмас күші мен жасампаз қуаты кепіл болады, деп қорытындылады Қ.Саудабаев.
«Егемен-ақпарат».