Жастар жылы аясында ұйымдастырылған айтулы жоба тамыз айы бойы әр сенбі сайын ЭКСПО алаңын түрлі қызық та тосын таңғажайыптардың ордасына айналдырады деп күтілуде. Жұлдызды жобаның шымылдығын Қайрат Нұртас, Ержан Максим және Mad Men тобы бастаған әншілер ашса, көңілді музыка кешін алдағы апталарда одан әрі Ерке Есмахан, Нұржан Керменбаев, M’Dee, Say Mo, Dequine және тағы да басқа талантты әншілер мен топтардың өнері жалғайтын болады.
– Айтулы концерт Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қонақтарына естен кетпес ерекше көңіл күй сыйлайды деп сенеміз. Үш сағаттың көлемінде әншілер жанкүйерлерін хит болған жаңа әндерімен қоса, арнайы даярланған қайталанбас хореографиялық бағдарламаларымен де қуантатын болады, – дейді бұл жөнінде «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ бас-
пасөз қызметі өкілдері.
Айта кетейік, концерттік бағдарлама ЭКСПО халықаралық көрмесі аумағында 24 тамызға дейін әр сенбі сайын сағат 20.00-де тегін өтеді. Келем деушілерге есік ашық. Музыкалық кеш бағдарламасына Қайрат Нұртас, Ерке Есмахан, Нұржан Керменбаев, Ержан Максим бастаған әншілердің орындауындағы тыңдармандар арасында кеңінен танымал хит әндері енгізілді. Сондай-ақ концерт аясында өнерсүйер қауым әншілердің әлі сиясы кеуіп үлгермеген жаңа музыкалық туындыларының да тұсаукесеріне куә болады.