Қазақстан • 02 Тамыз, 2019

Қазақстанда жыл сайын 2300 адамда аcқазан обыры бар екені анықталады

624 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы ҚР ДСМ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен еліміздің барлық өңірлік онкологиялық диспансерлері біріге отырып, ісік алды аурулары және асқазан обырының бастапқы түрлерін ерте анықтау үшін Ашық есік күнін  өткізді.

Қазақстанда жыл сайын 2300 адамда аcқазан обыры бар екені анықталады

Қазақстанның торакоабдоминалдық онкологиясының жетекші мамандары тегін кеңес берді. Сондай-ақ, тегін биопсия мен ФГДС жасалды.

Алматыдағы ҚазОжРҒЗИ-да бір күн ішінде 119 науқас тексеріліп, негізінен дәрігерге қаралауға келген адамдар Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары болды.

Эндоскопиялық зерттеуге (ФГДС) 55 адам жіберілді. Тексерулер нәтижесінде 6 қабыну, 1 асқазан жарасы, 1 асқазан қатерлі ісігі анықталды. Солтүстік Қазақстан облысының онкологиялық диспансерінде онкологтар 664 адамды қабылдады. 16 адамда асқазан обыры белгілері байқалып, басқа аурулардың түрі – 74 болды. Қызылорда облысында 192 адам қабылданды, обыр ауруына күдікті – 2, басқа асқазан аурулары – 31 адамда анықталған. Өскемен қаласының онкологиялық диспансерінде 414 адам, обыр ауруына күдікті – 16 адам тексерілді. Басқа аурулар – 365. Нұр-Сұлтан қаласында асқазан обырына 98 адам тексерілді. Обыр ауруына күдікті – 1, басқа аурулар – 37. Ашық есік күні аясында Қазақстан бойынша барлығы 1886 адам тексерілді. 49 адамда қатерлі азқазан ісігі белгілері байқалып, 758 адамда басқа азқазан кеселдердің бар екені анықталды

Сондықтан, отандық мамандар егер сізде ас қорыту жолдарының қызметі бұзылса, тамақтанған кезде ыңғайсыздық сезсеңіз, күйік, жүрек айныса, қан аздығына ұшырап, салмақ жоғалтып, тез шаршайтын болсаңыз, бірден дәрігерлерге қаралуға кеңес береді.

Естеріңізге сала кетейік, асқазан обыры қазақстандықтардың ең көп таралған онкологиялық аурулардың бестігіне кіреді. Жыл сайын елімізде 2300 адамға осы диагноз қойылады.

 

АЛМАТЫ