Аймақтар • 05 Тамыз, 2019

Арыс: 60 шақырым жол толық қайта жөндеуден өтеді

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арыс қаласында жалпы ұзындығы 272,3 шақырымды құрайтын көшеге зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Арыс: 60 шақырым жол толық қайта жөндеуден өтеді

Нәтижесінде 17 сектордың 13-де төтенше жағдайлар салдарынан қала ішіндегі 67 көшенің жамылғысында ақаулар орын алғандығы анықталған. Қала көшелеріндегі ақауларды жою бойынша атқарылатын іс-шаралар аясында жалпы ұзындығы 60 шақырымға жуық 67 көшені заманауи талаптарға сәйкес жөндеуден өткізеді. 46,7 шақырым аяқ жол, 7 шақырым велосипед жолы салынады, 68,6 шақырым жолға 2 234 дана жарық шамдары, 41 м3 суағар орнатылады, жалпы аумағы 9 522 м2 көшенің жиектері жөнделеді.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған 13 аймақ бойынша 67 көшенің бүгінгі таңда 40 көшесінде жұмыстар жүргізілуде. Қалпына келтіру жұмыстарына 60-қа жуық арнайы техникалар мен 110-нан аса жұмысшы тартылған.