Қазір федерация өтінімдерді қабылдап, әдеттегідей салмағы, сәйкестігі сияқты параментрлермен таңдау жүргізіп, ұйымдастыру мәселелерін шешіп жатыр.
Qazaq kuresi Азия чемпионатына барлығы 100-ден аса спортшы қатысады деп күтілуде. Қазіргі күннің өзінде Қытай, Жапония, Үндістан, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғыстан және тағы да басқа мемлекет палуандары белдесуге ниет білдірді.
Халықаралық қазақ күресі федерациясы – ұлттық спорт түрін әлемдік деңгейде дамытып, халықаралық серіктестер мен спортшылардың басын біріктіріп жүрген бірлестік. Әлем бойынша ұлттық спортымызға қызығушылық танытқандар саны күн санап артуда.
Жуырда ғана Польшаның Вроцлав қаласында қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтті. Еуропа чемпионатына Албания, Армения, Әзербайжан, Австрия, Беларусь, Болгария, Кипр, Эстония, Грузия, Грекия, Исландия, Израиль, Италия, Латвия, Литва, Молдова, Норвегия, Польша, Румыния, Ресей, Сербия, Словения, Испания, Украина секілді 24 елден 113 палуан қатысты. Еуропа чемпионатында алғаш рет Ирландия, Италия, Испания ұлттық құрамалары өнер көрсетті.
Биыл қазақ күресінен халықаралық федерацияның құрылғанына 2 жыл толды. Федерация құрамына 29 шет ел және екі халықаралық спорт ұйымдары кірді. Жақын арада тағы 10 шетелдік мемлекет қосылады.