Аймақтар • 05 Тамыз, 2019

Жұмыссыздарды қолдау орталығы ашылды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған орталықта  азаматтарды еңбекпен қамту ғана емес, жеке бизнестерін ашуға да қол ұшын береді. Қазір қаладағы «Кенжехан» және «Көкбазар», екі теміржол бекеті мен Түрксіб жәрмеңкесінде дәл осындай 5 орталық жұмыс істеп жатыр. Жауапты мамандар, жұрт  көп шоғырланған аумақтарға тағы жетеуін ашу көзделгенін айтады.

Жұмыссыздарды қолдау орталығы ашылды

«Жұмыс іздеп келген азаматтар өздерінің қабілетін көрсетіп, білімі бәрі сәйкес келіп, жұмыс өтілі бар болатын болса біз оларды тікелей жұмысқа орланаластыруға мүмкіндік жасаймыз. Бізде Еңбек порталы бойынша және Атамекен қолдау орталығының өзінің жұмыстар тізімі бар. Сол тізім бойынша бірнеше жұмыс түрлерін табыстап, сол арқылы жұмысқа орналасуға мүмкіндік береміз», – дейді «Атамекен» қолдау орталығының менеджері Фариза Ергебекова.

Жұмыссыздар мен өзін-өзі еңбекпен қамтушылардың 500 мың теңгелік грант ұтуға да мүмкіндіктері бар. Ол үшін бір айлық кәсіпкерлік курс оқулары қажет. Ал, қандай мамандық таңдарын білмей жүргендерге орталықтағы психологтар бағыт-бағдар көрсетіп, тегін оқуларға жібереді. «Жоба ойдағыдай жүзеге асар болса талай азаматтың тұрмыс жағдайы түзеліп, жұмысқа орналасуына жол ашылар еді», дейді орталыққа келген қала тұрғындары.

АЛМАТЫ