Аймақтар • 05 Тамыз, 2019

Қостанайда мемлекеттік қызметкерлерге «Онлайн-тәлімгер» жобасы жұмыс істейді

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа бірегей жоба қазір пилоттық режимде облыстың мемлекеттік органдарында енгізілуде. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Ерлан Салықбаев мәлімдеді.

Қостанайда мемлекеттік қызметкерлерге «Онлайн-тәлімгер» жобасы жұмыс істейді

Жобаның бірегейлігі жас мемлекеттік қызметкерлерге тәлімгерлікті тек қана бекітілген басшы ғана емес, онлайн байланыс арқылы қызметшінің қызмет саласына байланысты облыстық немесе аудандық деңгейдегі кез келген басшы жүргізеді.

«Өткен жылы тәлімгерлік үдерісінен 422 мемлекеттік қызметші, ағымдағы жылы 181 адам өтті. Бұл кезеңдегі жұмыс сәтті жүргізілуде», дейді Е. Салықбаев.

Жобаның мақсаты жас мамандардың уәждемесін арттыру, кәсіби дағдыларды  жетік қалыптастыру, біліктілікті дайындауға көмек көрсету. Осы жобаны енгізу мамандарының айтуынша, ауыл мен облыс орталығы арасындағы байланысты нығайтуға, жас мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби дағдыларын арттыруға, сондай-ақ белгілі бір сала мәселелерін бірыңғай шешуге мүмкіндік береді.

Пилоттық жоба аясында Департамент тәлімгерлер пулын құрды, оған мемлекеттік қызмет ардагерлері, мемлекеттік органдардың басшылары кірді. Бірінші болып Әулиекөл, Денисов, Қарабалық, Федоров және Қостанай аудандарының әкімдіктері пилоттық жобаны сынайды. Жобаны енгізу мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментті үйлестіру кезінде жүргізіледі.

Оң тәжірибе болған жағдайда, бұл жұмыс басқа өңірлер мен мемлекеттік органдарда да жалғасатын және трансляцияланатын болады.

 

Қостанай