01 Қаңтар, 2013

Басым міндеттер анықталды

278 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Басым міндеттер анықталды

Жұма, 1 ақпан 2013 7:19

Кеше Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің алқа отырысы өтіп, онда ведомствоның 2012 жылғы жұмысы қорытындыланды. Отырысқа Президент Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі А.Шпекбаев және «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау комитетінің төрағасы Б.Рахымбеков және Агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелерінің басшылық құрамы қатысты.

Өткен жылдың басынан қаржы полициясы органдарының жұмысы жаңа басымдықтар негізінде ұйымдастырылған болатын, сандық көрсеткіштерден сапалық нәтижелерге ауысу жү­зеге асырылды. Негізгі назар жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау мен елдегі кө­леңкелі экономика деңгейін төмендетуге аударылды.

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 1600-ден аса лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың 450-і республикалық және облыстық деңгейдегілер, 1200-і қалалық және аудандық. Бұл орайда Агенттік төрағасы қаржы полициясына тән емес жалпы сипаттағы қылмыстарды анық­тау төмендетілгенін атап өтті. Егер 2011 жылы олардың үлесі біз анықтаған қылмыстардың жартысын құраса, 2012 жылы ашылған қылмыстардың 75 пайызын сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыс фактілері құрап отыр, – деді.

Профилактикалық жұмыс күшейтілді. Ба­сым­дықтар қыл­­мыс­тар мен құқық бұ­зу­шы­­лықтардың бастапқы кезең­дерінде алдын алуға ауыстырылды. Ол үшін Агенттікте ақ­па­раттық ресурстарды қолдану жолымен елдегі криминогендік жағдайды талдап отыратын мамандандырылған ситуациялық орталық құрылды.

Алқа отырысын қоры­тын­дылай келе, Агенттік төрағасы құқық қорғау органдарының басшыларымен болған кездесуінде Елбасының айтқан тапсырмаларына орай ведомствоның ал­дағы уақыттағы жұмыс басым­дықтарын анықтады.

«Егемен-ақпарат».