02 Ақпан, 2013

Өңірлік тәжірибелерімен бөлісті

246 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өңірлік тәжірибелерімен бөлісті

Сенбі, 2 ақпан 2013 7:53

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы «2050» – Стратегиясы: партиялық жұмыстың жаңа міндеттері мен бағыттары» тақырыбында бірқатар аймақтық семинар-кеңестер ұйымдастырады. Шаралар Президенттің Жолдауын түсіндіру жөніндегі жұмыс әдістері мен формаларын, партия қызметінің алдағы кезеңдегі басымдықтарын, азаматтардың өтініштері бойынша жүйелі шаралар қолдануды және басқа да өзекті мәселелерді талқылау мақсатында өткізілетін болады.

Семинар-кеңестердің алғаш­қы­сы Қазақстанның батыс өңір­лерінің өкілдері қатысуымен Атырау қаласында үстіміздегі жылдың 18 қаңтарында өтті. Ал, кезекті аймақтық семинар-кеңес Шымкент қаласында 1 ақпанда өтетін болып Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстық және Алматы қалалық партия филиалдары өкілдеріне арналып жоспарланған еді.

Партия филиалдары төраға­ларының бірінші орынбасарлары, қоғамдық-саяси және ұйым­дастыру-партиялық бө­лім­дерінің басшылары, қо­ғам­дық қабылдаулардың өкілдері қатысқан жиында олар аумақтық партия филиалдарының жұмысын жетілдіру үшін қоғамдық инс­титуттармен қарым-қатынас жасау, «Стратегия-2050» ат­ты Президенттің Жолдауын тү­сін­діру және насихаттау барысы туралы өңірлік тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, партияның ақпараттық-идеологиялық жұ­мыс­тарын жетілдіру бойынша алдағы кезеңдегі өзекті міндеттер, партия мен азаматтар арасындағы кері байланысты күшейту, соның ішінде азаматтардың өтініштерінің шұғыл шешімін табудағы қоғамдық қабылдау бөлмесі қызметінің тиімділігін көтеру, аймақтардағы партия жұмыстарын жандандыру, мемлекеттік органдардың халықпен қарым-қатынасы, партияның әлеуметтік базасын кеңейту және әлеуметтік-маңызды проблемаларды шешу мақсатындағы қоғамдық бірлестіктердің әріптестік желісін одан әрі құру мәселелері қарастырылды.

Семинар-кеңеске «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратынан партияның хатшысы Ерлан Қарин, партия Орталық аппараты басшысының орынбасары Мұхтар Ерман және басқалар қатысты. 

«Егемен-ақпарат».