Бала кезінен футболмен айналысып, сан мәрте жарыстарда Көкшетау қаласының намысын қорғаған Асқар Сұлтанов биылғы жаздың алғашқы айларында «Строитель» шағын ауданында әлемдік стандартқа сай жасыл жамылғылы футбол алаңын салып берді. Бүгіндері бұл жерде балалар, ересектер күнде кешкілік доп тепсе, сенбі-жексенбі күндері әр түрлі жарыстар өтеді.
Осы жолғы футбол ойындарына 20-ға жуық команда қатысты. Әуесқой футболшылар жаңадан пайдалануға берілген жасыл алаңда жасындай жарқырады. Әр ойыншы теңбіл допты ұршықша иіріп, қарсыластар қақпасына қауіп төндірді.
«Строитель» шағын ауданындағы жасыл жамылғылы футбол алаңында әуесқой футболшылардың жарысы барынша қызғылықты өткізілді.