«Тұңғыш Президент – Елбасының Қазақстан азаматтары салауатты өмір салтын қалыпты түрде сақтауы керек», деген тапсырмасын негізге ала отырып, өңірде осымен екінші рет мердігерлік құрылыс ұйымдарының арасында шағын футболдан турнир жалауын желбіретті. Спорттық шара былтырдан бастап ұйымдастырылуда.
«Құрылысшылар күніне орай биыл да мини футболдан турнир өткізіп жатырмыз. Жарысқа қатысушылардың барлығы құрылысшылар. Жарыстың басты мақсаты жас құрылысшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау», дейді облыстық құрылыс басқармасы жетекшісінің орынбасары Ермек Қарағаев.
Аяқ доп жарысына өңірлік мердігерлік ұйым мүшелерінен құралған 8 команда қатысуда. Үш күнге созылатын бұл дода, күн сайын екі футбол алаңында үш ойыннан жүргізілетін болады. Жарыс жеңімпаздарына ауыспалы кубок және 200 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық тағайындалған.
«Біз осы жарысқа Ақмола облысының мемлекеттік сәулет басқармасының атынан қатысудамыз. Дайындығымыз өте зор. Бүгінгі ойында жеңіске жетеміз деген үміттіміз», дейді сайысқа қатысушы Сұңғат Есболатов.
Спорт – деңсаулық кепілі. Осы сөзді ұран еткен құрлысшылар тартысты ойын өрнегін көрсетуде. Жарыс қортындысы 8 тамыз күні белгілі болады.
Ақмола облысы