Осы мүмкіндікті пайдалану бағытындағы шараға аймақ бойынша елуден аса азамат қатысып, тегін кеңес алды. Соның бірі Шара апай пәтер аламын деп алаяққа алданып қалған. Кәсіби медиаторлар тұрғынға қандай қадам жасау қажет екенін, қандай жағдайда бітімгершілікке келуге болатынын түсіндірді. Осылайша көкейтесті сұрақтарына тұшымды жауап ала алған халық риза болып тарасты. Өйткені барлығының бірдей заңгер мен адвокатқа жүгінуге жағдайы жетпейді. Мұндай шаралар Жанаөзен қаласы, Мұнайлы және Бейнеу аудандарында жалғасын тапты.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 31-шілдесі күні медиацияны дамытуға қолдау көрсету мақсатында «Нұр Отан» ХДП МФ ғимаратында «Ашық есік» күні өткізілген болатын. Акция аясында Ассамблея медиаторлары ниет білдіруші барлық азаматтарға медиация жөнінде кеңестер беріп, тегін негізде медиативтік келісімдерге қол қойды.
Сондай-ақ, жиын барысында Маңғыстау облыстық соты төрағасының м.а. Ержан Қарабаев ҚХА медиация кабинеті меңгерушісі, кәсіби медиатор Сания Саталиеваны кәсіби мерекесімен құттықтап, Алғыс хат табыстады.
Маңғыстау облысы