Аймақтар • 07 Тамыз, 2019

Қарағандының тұрғыны киік етімен қолға түсті

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері  заңсыз киік аулауды анықтау және оның жолын кесу бойынша жүргізілген іс-шаралар барысында Сәтбаев қаласының аумағындағы «Жезқазған-Есіл-Петропавл» тас жолында «Тайота-Сюрф» маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру жүргізген.

 

Қарағандының тұрғыны киік етімен қолға түсті

Тексеру нәтижесінде аталған   автокөліктің жүк салғышынан екі целлофан пакетке салынған ет тәркіленді. Көлік жүргізушісі – Қарағанды қаласының 47 жасар тұрғыны табылған еттің киік еті екенін және оны белгісіз азаматтан сатып алғандығы туралы түсініктеме берді.

Аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 339-бабы бойынша тіркелді (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу).

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

          

Қарағанды облысы