15 Маусым, 2013

Жанартау

324 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жанартау

Сейсенбі, 19 ақпан 2013 7:30

Жастар – үлкен күш. Жас­тар дегеніміз – жалын от. Жас жүр­ген жер – мереке. Оңтүстік жас­тарының көптігімен ерек­ше­ленеді. Бүгінде облыста 14 пен 29 жас аралығындағы жастар 765 мыңнан асады. Бұл облыс халқының үштен бірін құрайды деген сөз. Оның ішінде 900-ден астам елді мекендердегі ауыл жас­тары 453 мың болса, қала жас­тары – 312 мың­ға жетіп отыр.

Сейсенбі, 19 ақпан 2013 7:30

Жастар – үлкен күш. Жас­тар дегеніміз – жалын от. Жас жүр­ген жер – мереке. Оңтүстік жас­тарының көптігімен ерек­ше­ленеді. Бүгінде облыста 14 пен 29 жас аралығындағы жастар 765 мыңнан асады. Бұл облыс халқының үштен бірін құрайды деген сөз. Оның ішінде 900-ден астам елді мекендердегі ауыл жас­тары 453 мың болса, қала жас­тары – 312 мың­ға жетіп отыр. 

Оңтүстік Қазақстан облысында жастарға көптеген жағдайлар жасалуда. Оның ішінде, облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей қолдауымен жастардың білім алу, мамандық таңдау, жұмысқа орналасу бағытында көптеген оң тірліктер атқарылды. Елбасымыз Н.Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында қазір жастарымыз қолдаушысы, панасы, демеушісі бар екенін сезінеді. Жастарға жақсы жол көрсетіп, бағыт-бағдар сілтеп, еліміздің түкпір-түкпірін шарлап кеткен «Дип­ломмен – ауылға!», «Қа­зақ­ша сөйлесейік!», «Жастар – Отан­ға!», «Ауылдың гүлденуі – Қазақ­станның гүлденуі», «Еркін пікір» және басқа да жобалар, міне, сол жас толқынға көрсетіліп жатқан қамқорлықтың нақты дәлелі.
«Қазақстан-2050» Стра­те­гия­сын­да Елбасымыз жас­тар туралы «Ал кейінгі толқын жас­тарға айтарым: Сендер – бола­шаққа деген үкілі үмітіміздің тіре­гісіңдер. Біздің бүгінгі атқа­рып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда. Сендер тәуелсіз Қазақ елінің пер­зенттерісіңдер. Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш» деген болатын.
Бұл жолдар бойында жалыны бар жастардың патриоттық сезімін оятып, күш-жігерін тасытып, асқақ арман, үлкен мақсаттарға жете­лейтіні анық. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі ақымақшылық», деген екен ұлы Абай. Шынында, ақылдың көркі – білім. Қазіргі заман – білімдінің заманы. Жастарға сапалы білім беру, еңбекке баулу мәселесінде Оңтүстік Қазақстан облысында орасан тірліктер бар.
Бүгінде Оңтүстікте мем­ле­кет­тік колледждердің саны – 44, жеке меншік колледждер саны – 50. Барлығы 94 колледжде 75 645 оқушы білім алуда. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты облыстағы 27 кәсіп­тік лицей колледж болып қайта рәсімделді. 2012-2013 оқу жылына 97 мамандық бойынша 12 714 орынға сұранысты облыс әкімдігінің өңірлік кеңесінің қарауына ұсынып, нәтижесінде, кәсіптік лицейлерге 4861 орын, колледждерге 2435 орын­ға мемле­кет­тік тапсырыс қалыптас­тырыл­ды.
Өндіріс орындарының сұ­ра­нысы бойынша Шымкент, Түр­кістан, Созақ, Сайрам өңір­лері­не қажетті жаңадан 9 мамандық ашылды.
«Жол картасы» және «Жұ­­мыс­пен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 2012 жылы облыстағы 32 кәсіптік білім мекемесінде  10 825 оқушы білім алды, оның 3400-і бітіріп, 2890-ы жұмысқа (83%) орналасты. 2012 жылы тех­никалық және кәсіптік білім мекемелерін мемлекеттік тапсырыспен бітірген 7385 біті­ру­шінің 6783-і, яғни 91,8 пайы­зы жұмыспен қамтылып, 2011 жылмен салыстырғанда бітіру­шілердің жұмысқа орналасуы 3,7 пайызға артты.
Жергілікті биліктің қам­қор­­­лығының тындырымды істе­­рі­нің нәтижесінде облыс­та жылдан-жылға білім сапасы жақсарып, көптеген оң жетіс­тіктерге қол жеткізілуде. Облыс­тағы кәсіптік лицей мен колледждерді бітірушілердің кәсіптік біліктілігін және білім сапасын бағалау бойынша Білім және ғылым министрлігі тарапынан жүргізілген тәуелсіз бағалаудың көрсеткіші 2010 жылы 88,1 пайыз болса, 2012 жылы 94,1 пайызға жетіп, облысымыз республикада 1-орынды иеленді.

Қанатбек ДОСАЛИЕВ,
Жаңа технологиялар колледжінің директоры, 
Оңтүстік Қазақстан облысы колледждер директорлары кеңесінің төрағасы.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20