Аймақтар • 07 Тамыз, 2019

Алматыда пәтер ұрлығы 2,9 есе төмендеген

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, шаһарда бейнекамералардың арқасында бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы едәуір  азайған. Статистикалық деректер бойынша пәтер тонау - 2,3 есеге, автомобильдер ұрлығы - 2,9%, ұялы телефон ұрлығы - 48,1%, көлік айналарын ұрлау - 4,3 процентке, қалта ұрлығы - 3,4 есеге, көлік ішінен ұрлау - 13,5%, түсті және қара металды ұрлау 21,7процентке азайыпты.

Алматыда пәтер ұрлығы 2,9 есе төмендеген

Мамандар қылмыстың алдын алу мақсатында IT-технологиялардың мүмкіндіктерін белсенді пайдалануда. Бүгінде қалада 120 мыңға жуық бейнебақылау камерасы бар. Олардың 90% бюджеттен тыс қаржыға орнатылған. Камераларда жазылған видеоны қолдану нәтижесінде соңғы үш жылда пәтер ұрлығы 2,9 есе төмендепті.

«Қауіпсіз аула» қағидасы бойынша көппәтерлі үйлерде 44 мың 687 бейнекамера орнатылды, жеке сектор көшелерінің қиылысында 8 мың 642 бейнебақылау камералары жұмыс істейді, ал жеке тұрғын үйлердің аулаларында 30 мың 154 бейнекамера бар. Сонымен қатар, қалада жекеменшік нысандарда 35 мың 892 сыртқы бақылау камералары орнатылды. Олардың көмегімен жыл басынан бері 975 қылмыстың беті ашылды, 8 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Олардың 5 мыңнан астамы жол қозғалысы ережелерін бұзу болып отыр», Алматы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Төрехан Исин.

 

 

АЛМАТЫ