Аймақтар • 07 Тамыз, 2019

Көкшетауда француз инвесторлары жұмыс істеуге ниетті

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының су тазарту жүйесін жаңғыртуға ниет білдірген франциялық компания өкілдерін қабылдап, бірлескен жобаны жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Көкшетауда француз инвесторлары жұмыс істеуге ниетті

Кездесу негізінен танысу, таныстыру сипатында өтті. Меймандар арасында «ССТ» компаниясының өкілдері де бар.  

Француздық компания өкілдері әйгілі Суэц каналын салғанын мақтан тұтады. Компанияның Қазақстан аумағында 25 жыл жұмыс істеген тәжірибесі бар. Осы уақытта елімізде бірқатар жобаларды жүзеге асырған. Оның ішінде Қызылорда, Шымкент, Жаңаөзен тәрізді қалалардың су тазарту жүйесін жабдықтаған. Өткен жылы көрші Солтүстік Қазақстан облысының Соколов гидро нысанында жаңғырту жұмыстарын жүргізіпті.  

Кездесуді қорытындылған облыс әкімі жобаны жүзеге асырмас бұрын алдымен оны жан-жақты зерттеп, екіжақтың ұсыныс талаптарын қарап барып нақты бір шешімге келетінін кесіп айтты.