Бүгінде оның 7-уі тапсырылып, 280 отбасы баспаналы болды. Олардың қатарында көпбалалы аналар да бар. Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру мақсатында қолға алынған «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдау басталды.
Бүгінде облыс орталығында тұрғын үй кезегінде 10 мыңға тарта адам тұр. Олардың 300-ден астамы көпбалалы отбасы санатына жатады. Көкшетауда бой көтерген 7 жалдамалы баспанадан көпбалалы аналарға 63 пәтер берілді. Қазірде тағы бір үйден пәтерлерді бөлу жұмыстары жүргізілуде. Ол үйден де 10 көпбалалы анаға баспана берілмек.
Аталған бағдарлама тұрғын үйге қолжетімділікті әлденеше есе арттырады, белгіленген жүйе бойынша несие рәсімдеуге толық мүмкіндік бар.