Руханият • 08 Тамыз, 2019

Қостанай облыстық қазақ драма театры Моңғолиядан оралды

625 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының ұжымы жақында ғана Моңғолиядан оралды. Онда театр Баян өлги қаласының көрермендеріне екі бірдей қойылым ұсынды.

Қостанай облыстық қазақ драма театры Моңғолиядан оралды

«Ботақара» спектаклінде 17-18 ғасырлардағы қазақ-жоңғар арасындағы шайқас, қазақ жерін сыртқы жаудан қорғаудағы батырлар ерлігі баяндалады. Баянөлгилік автор Әскерхан Ақтайдың бұл шығармасын театрдың бас көркемдік жетекшісі Әлия Баймахан сахналады.

Екінші шығарма «Мұңмен алысқан адам» спектаклі жер бетінде тарыдай шашылған қазақтардың тағдыры баяндайды.

«Ботақара» қойылымындағы Ботқара – Жоңғар шапқыншылығы кезінде Балқаш маңын жаудан қорғап қалған батыр, өмірде болған адам. Қазір сол маңда Ботақара деген тау бар. Шығармада Ботақара мен Шешенбике деген қырғыз қызы екеуі қазақ-қалмақтың арасында бітімгершілік орнатып, сыртқы жауға солай тойтарыс беруді ойластырады. Шығарманың, қойылымның мақсаты тек атыс-шабыс ғана емес, татулыққа, бітімгершілікке үндейді. Кейде қазақ пен қалмақ өмір бойы тістесіп өткен деген түсінік қалыптасқан. Бірақ тарихқа үңілсек діні бөлек болғанмен тұрмысы ұқсас екі халықтың соғыссыз, тату кездері де болған. Режиссер шеберлігінің арқасында көлемді қойылым сахнаға ықшамдалып шығарылды. бар-жоғы он актер ғана ойнап шықты», дейді театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Абылай Маудан.

Көрермендер екі қойылымға да ризашылығын білдірді. Сахна шеберлігін жақсы меңгерген қостанайлық әртістер Моңғол елінен құрқол қайтпады. Ботақара ролінде ойнаған актер Асылан Кенжетай және Шешенбике бейнесін сомдаған Мөлдір Құбаш «Моңғолия мәдениет салсының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

«Моңғолия сапары табысты болды. Жастар жылы болғандықтан бұл жолы сахнада негізінен жастар өнер көрсетті, актерлеріміз абырой біиігінен көрінді» дейді театр актері, жастар ұстазы Қонысбек Бегайдаров.

 

Қостанай