Аймақтар • 08 Тамыз, 2019

Өрт сөндірушілер чемпионатында маңғыстаулықтар жеңімпаз атанды

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының XХVI ерлер арасында, VI әйелдер арасындағы чемпионат өтті.

Өрт сөндірушілер чемпионатында маңғыстаулықтар жеңімпаз атанды

Өрт-құтқару спорты қызметті – қолданбалы спорт түрі, оның ішіне жекешелендірілген және топтық түрдегі өрт сөндіру тәжіребиесінде қолданылатын әртүрлі іс-әрекеттің орындалуын дағдылайды.

Жарыс оқу мұнарасының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту, 4х100 метрге өрт сөндіру эстафетасы, жауынгерлік қанат жаю сынды төрт кезең бойынша өткізілді.

Командалар арасында әр секундтқа күрес жүрді, олардың әр біреуінің тез әрекеттері өрт сөндіруші-құтқарушы батыр мамандыққа лайықты екенін дәлелдеді.

«Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жарыс – ерекше экзамен. Ол біздің құтқарушыларымыздың кәсіби деңгейде өте жоғары екенін, командалық жұмысты жақсы білетіндері, қиын жағдайларда адамдарға бірден көмекке келуге дайындығын көрсетеді. Спортшыларымыз жоғары жеделдікті, реттілікті және келісімділік істерін көрсетті. Біздің команда өте жақсы нәтиже көрсетті», деді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаев.

Қай елде болса да, өрт сөндірушілерде адам өмірін құтқаруда жылдамдық барлығын шешеді. Бұндай жарыстар құтқарушыларға өздерінің шеберліктерін жетілдіруге және тәжіребиесімен бөлісуге көмектеседі.

Ұпай қорытындысы бойынша, өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР XХVI ерлер арасында чемпионатының жеңімпазы Маңғыстау облысының құрама командасы болды.

 

Маңғыстау облысы