Оң шешімге планетамыздың, ұрпақтарымыздың болашағы тәуелді
Жұма, 1 наурыз 2013 8:01
Барлығымыз Иранның ядролық бағдарламасы бойынша жүргізілген келіссөздер барысын мұқият қадағаладық. Өйткені, аталған мәселеге бүкіл планетамыздың, балаларымыздың болашағы тәуелді. Мұндай айтулы басқосудың нақ Қазақстанда, оның аса ірі мегаполисі Алматыда өтуінің нышандық мәні бар. Өйткені, қаланың рухани ауанының өзі баршаны тыныштыққа, тағаттылыққа шақырып тұрғандай әсер қалдырады. Осындағы келіссөз үстеліне отырған адамдар нәтижелі үнқатысуға әркез дайын болса екен деп тілегеніміз де рас. Осындай күрделі де шетін мәселеде адамдардың бір-бірін тыңдай білуі, түсіне білуі үлкен рөл атқаратыны тағы анық.

Әрине, осының бәрінде өзінің көптеген бейбіт бастамаларымен танылған Отанымыздың Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен еңбегі бар деп айту ләзім. Президент кез келген проблеманы шешуге үлкен дайындықпен ғана емес, үлкен түсіністікпен де келген ұтымды деп санайды. Бұл – Елбасының жалпы саясатына тән қасиет. Еліміз ядролық қаруды пайдаланудан алғаш болып өз еркімен бас тартты. Осындай адамгершілікке лайық үлгіге басқа мемлекеттер мен халықтар да ден қойса игі. Жалпы, Отанымыз өзінің көпұлтты достығымен, келісімімен, өзге ұлттардың мәдениетін қабылдай білуімен әлемге белгілі. Бұл кездесу мемлекетіміздің жаһандық ауқымдағы проблемаларды шешуде таптырмайтын орын екенін тағы бір мәрте айғақтап берді ғой деп ойлаймын.
Келіссөздердің келесі кезеңін Алматыда өткізу туралы шешім қабылдануы біздің мәртебемізді тағы бір мәрте көтеріп тастады. Қонақжай да меймандос еліміз мәмілелесуші тараптарды өз жерінде қабылдауға әркез дайын және осындай маңызды мәселенің бейбітшілік пен Жер бетіндегі тыныштықтың пайдасына шешілуі үшін қолынан келгенінің бәрін жасайтыны күмәнсіз.
Нина ҚАЮПОВА,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,
медицина ғылымдарының докторы,
Президенттің Бейбітшілік және рухани
келісім сыйлығының лауреаты.