Аймақтар • 09 Тамыз, 2019

Әлеуметтік карта – мәселенің оң шешімі

870 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте проблемалық мәселелерді шешу үшін арнайы әлеуметтік карта әзірленбек. Осыған орай қала басшысы Ерлан Айтаханов шаһарға қарасты төрт ауданның әлеуметтік картасы жасалатынын айтты.

Әлеуметтік  карта – мәселенің  оң шешімі

Жиналыстың күн тәрті­бінде қарал­ған басты мәселе – қалаға қосылған 41 елді мекеннің инфрақұры­лымын дамыту. Осы бағыттағы жұ­­мыс­ты жүйелендіру мақ­сатында қа­ла басшысы әр ауданды секторға бөліп, өзек­­ті мәселелер көрсетілген әлеу­меттік карта әзірлеуді са­ла­лық басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне тап­сырды.

Осылайша Ерлан Қуаныш­ұлы күрмеуі ше­шілмей келе жат­қан про­бле­маларды бір­тіндеп жүйе­лі түр­де шешуге бо­латынын жет­кізді. Шет­кі аймақтардың негізгі мәселесі – жол, инженерлік ин­фра­құрылым, әлеу­мет­тік нысан­дардың тапшылығы мен абаттан­дыру.

Бұдан бөлек, әкім шеткі аймақтар­дың ин­фрақұрылым жүйесін тарту жұмыстарына жеке инвесторлар­ды­­ да қа­тыстыруды атап өтті. Тұр­ғын­дарға өмір сүру­ге қо­лай­лы ор­таны қалыптас­тыру әкім­діктің басты мақсаты екенін айтқан қала әкімі ең алдымен қаланы қоқыстан тазартуды, сонымен қоса шалғайдағы елді мекен тұр­ғындары үшін тұрақты түрде көшпелі медицина қызметі мен жергілікті атқа­рушы органдармен көр­се­тілетін мем­лекеттік қыз­мет­терді ұйымдастыру қажет­тігін жет­кізді.

Күн тәртібіндегі мәселенің бірі ретінде қаланың жылу беру маусымына дайындық барысы мен жаңа оқу жылы­на дайындық жұмыстары пы­сықталды. Онда салаға жауапты мамандар жылыту мау­сымына дайындық кестеге сай жүргізіліп жатқанын айтып, 20 тамызға дейін ме­ди­циналық мекемелер мен мек­тептер қысқа дайын болатынын мәлім етті. Қала басшысы жылу маусымына дайындықты бақылауда ұстауды тапсырып, штаб отырысын аптасына екі рет өткізу керектігін айтты.

 

ШЫМКЕНТ