Аймақтар • 09 Тамыз, 2019

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл атқарған жұмыстарына тоқталды

449 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Жақында ғана Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалған Аружан Саин атқарған жұмыстары туралы жазып, ай сайын есеп беретінін айтты. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды. 

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл атқарған жұмыстарына тоқталды

«18 маусым күні мен ҚР бала құқықтары жөніндегі Уәкіл қызметіне тағайындалдым. Атқарылған жұмыстар мен қол жеткен нәтижелер жөнінде ай сайын ашық есеп беріп тұруға бекіндім.

Шілдеде менің атыма әрқайсысы қыйлы тағдырға толы 28 хат келіп түсті. Бірінен тірліктен түңілген жанның жанайқайы сезілсе, бірінен өмірлік қиын түйінді шеше алмай қамыққан жанның үні естіледі. Алайда, олардың барлығы біздер – үлкендер шешуге тиісті проблемалар.

Бүгінгі күні мен 12 істі жеке бақылауыма алдым. Ол істер бойынша барлық өкілетті органдармен бірлескен қызу жұмыстар жүріп жатыр. Солардың ішінде мынандай істер бар:

  1. Сөйлеудің кохлерлық импланттарының процессорларын ауыстырудың қолданыстағы тәртібімен келіспейтін бір топ ата-аналардан менің атыма үндеу келіп түсті. Мәселені объективті түрде қарау үшін мен ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупованың атына қолданыстағы заңдық негіздерді түсіндіруін өтініп хат жолдадым.
  2. Шілде айының соңғы күндерінде Адам құқығын қорғау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюросында өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысындағы мектеп-интернаттағы тәрбиеленіп жатқан балалардың құқықтарының бұзылғанын айғақтайтын деректер жариялады.

ҚР бала құқықтары жөніндегі Уәкілдің атынан Түркістан облысының прокурорына балалар құқықтарының толық сақталуы мен мектеп-интернаттың қызметінің заңдылығын кешенді түрде тексеру туралы ресми хабарлама жолдадым.

  1. Атырау қаласы әкімдігіне «Бақытты Отбасы» бағдарламасына қатысуға ниетті мүгедек балалары бар жанұяларға жолдама беруден бас тартқан қызметкерлерінің әрекеттеріне заңдық тұрғыда баға берулерін сұраған хат жолдадым. Бұл хатты мен «НейроДетки Чудо Есть!» ОО ұсынған құжаттар негізінде дайындадым. Сондай-ақ мен телефонмен әкімнің орынбасарымен сөйлестім. Ол өз тарапынан барлық керекті құжаттарды кешіктірмей жіберуге уәде берді. Бірақ ол құжаттар әлі келіп түскен жоқ. Әкімнің атына жазған хатыма жауаппен бірге келер деген үміттемін.
  2. Микротия сырқаты бойынша сәтсіз ота жасалған қызының жағдайын айтып хат жазған ананың хаты негізінде мен жекеменшік клиникаларда осы диагноз бойынша ота жасап жүрген дәрігердің қызметін тексеруді талап етіп мемлекеттік органдарға жүгіндім.

Алайда, ең басты міндет – осындай диагноз қойылған балалардың мәселесін кешенді түрде шешіп, оларға өз елімізде ота жасалып, балалар қажетті медициналық көмекті дер кезінде алуына қол жеткізу. 
Өкінішке қарай, қажетті құжаттыр мен өтініш берушінің түсініктемелері толық емес төрт жолдауды қабылдай алмадық. Құжатпен дәлелденбеген жағдайда біз тиісті органдарға сұраныс жолдай алмаймыз.

ЖҮЙЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕР

Жеке тұлғалардың жазғандарымен жұмыс жасаумен қатар жүйелік мәселелермен де айналыса бастадық. Олардың көпшілігі жылдап қордаланып қалған, әртүрлі себептермен шешімін таппай келе жатқан мәселелер. Менің ҚР балалар құқықтары жөніндегі Уәкіл ретіндегі Бағдарламамның бір бөлігі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып дәл осы мәселелерді шешу болатын.

Сондықтанда біз жұмысты балалардың құқықтары мен құқықтарын қорғаудың өте бір нәзік тұсынан бастамақпыз.

  1. Мен еліміздің Білім және ғылым министрлігіне шетелдіктердің бала асырап алу мәселесін түсіндіріп берулерін сұрап хат жаздым. Бұл мәселе қазақстандық балалар шет елдерге сатылып жатыр деген ақпараттар тарап, қоғамдық сананың алаңдаушылығы байқалғандығынан туындап отыр.
  2. Қоғам алдында жаңа туған нәрестелердің ретинопатиясы туралы проблема тұрғалы да көп уақыт болды. Бүгінгі күні ол адам шошитындай дәрежеге жетті. Менің Денсаулық сақтау министріне жазған хатым тура осы мәсел туралы.
  3. Денсаулық сақтау министрлігіне жазған тағы бір хатым - Сал ауруына (ДЦП) шалдыққан балаларға дорсальды ризотамияға ота жасауға қатысты.

Барлық мүдделі мемлекеттік органдар Уәкілмен бірлесе жұмыс жасауға ниетті. Әсіресе, бүгінгі таңда Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктерімен және өзге де ведмостволармен бірігіп жұмыс жасаудың алғышарттарын әзірлеудеміз. Тек осылай ғана біздің әрбір қадамымыз тиімді болатынына сенімдімін.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛДЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЕСЕП БЕРУ

Мен өзімнің әрбір жазған хатыма келген жауапты әлеуметтік желілердегі парақшаларымда және көп ұзамай ҚР бала құқықтары жөніндегі Уәкілдің жаңартылған сайтында жариялап тұратын боламын.

Сондай-ақ, Уәкіл ретінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен, Білім және ғылым министрі Асхат Айтмағанбетовпен және ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакуповамен, ЮНИСЕФ директоры Артур ван Дизенмен өткізген кездесулерімнің маңыздылығын баса айтқым келеді.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының көпбалалы аналарымен, сондай-ақ еліміздің түрлі аймағындағы үкметтік емес ұйымдармен де біраз мәселе талқыланды.

«Мүгедек балалары бар ата-аналар Ассоциациясының» оңалту орталығында дәрігерлермен және министр Елжан Біртановпен сал ауруына (ДЦП) шалдыққан балалар мәселесін – реабилитациядан өткізу мен емдеуге ерте араласудың жайын талқыладық. Алматыдағы Үкметтік емес ұйымдар өкілдерімен және Нұр-Сұлтандағы «Ерекше балалар» Қорырымен жүргізген келіссөздеріміз өте жемісті болды.
Бұл кездесулердің тақырыптары туралы мен өзімнің әлеуметтік желідегі жазбаларымда айтқанмын.

Мен жақын болашақта Сіздерге түрлі өтініштер жайлы ғана баяндап қоймай, балалардың өмірін сәнді де мәнді ете түсер атқарылған істеріміздің нәтижесін де жариялайтын жағдайға жетеміз деген ұміттемін.

Қазір http://balaombudsman.kz/ сайтын жаңарту, онлайн-қабылдау бөлмесін жасау, Уәкілдің командасын құру сияқты жұмыстар жасалып жатыр.

Естеріңізге салайын кетейін, ҚР бала құқықтары жөніндегі Уәкілдің атына хат жазғанда барлық қажетті құжаттарды хатпен бірге тіркеуді ұмытпаңыздар. Өйткені мен сол құжаттардың негізінде ғана мемлекеттік және құқық қорғау органдарына сауал жолдай аламын. Барлық өтініш-хаттарыңызды info@detdom.kz электронды поштасына жолдай аласыздар», деп жазды А. Саин.