Қоғам • 09 Тамыз, 2019

Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының тұрғындарына үндеу тастады

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының тұрғындарына үндеу тастады

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының тұрғындарына оқ-дәрілердің бөлшектері мен басқа да күдікті заттар табылған жағдайда мобильді топқа хабарлап, ешқандай дербес іс-қимыл жасамауды сұрайды.

«Арыс қаласында тұрғындардың өтініштері бойынша әрекет ететін инженер-саперлердің мобильді тобы жұмыс істейтінін еске саламыз. Мамандар қала аумағында табылған заттарды жинау бойынша тиісті жұмыстар жүргізеді. Инженер-саперлерді шақыру үшін мобильді топтың аға өкілі күн сайын кезекшілік ететін 102 телефонына қоңырау шалып, орналасқан жерін және басқа да қажетті мәліметтерді хабарлау қажет», делінген хабарламада.