Қазақстан • 11 Тамыз, 2019

Премьер-Министр құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Премьер-Министр құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен құттықтаймын!

Қазақстандықтарды сапалы және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, инженерлік, өндірістік және көлік инфрақұрылымын салу жөніндегі мемлекеттік міндеттердің сәтті шешімі құрылысшылардың біліктілігі мен шеберлігіне байланысты.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары табысты жүзеге асырылуда, олар халықтың тұрмыс сапасын арттыру, қолжетімді баспана алу және жаңа өнімді жұмыс орындарын құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Президент Қ. К. Тоқаев маңызды көрсеткіштерге қол жеткізген құрылыс саласын одан әрі дамытуды мақсат етіп қойды — биыл құрылыс саласының өсу қарқыны 11% құрайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанның құрылыс саласында 630 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Құрылыс саласын одан әрі жаңғырту, тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту және еліміздің барлық өңірлерінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша жаңа ауқымды міндеттерді шеше алатындарыңызға сенімдімін.

Құрылыс саласының барлық жұмысшылары мен ардагерлеріне мықты денсаулық, әл-ауқат және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!

Құрметпен, 
ҚР Премьер-Министрі АСҚАР МАМИН

Соңғы жаңалықтар