Спорт • 11 Тамыз, 2019

Кадеттер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір қола қоржынға түсті

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкентте таеквондодан кадеттер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты деп хабарлайды Olympic.kz.

Кадеттер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір қола қоржынға түсті

37 келіде сынға түскен Әсел Әубәкір қола жүлдегер атанды. Ол жартылай финалда ирандық спортшыға есе жіберген. 

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша, қазақстандықтар үш медаль жеңіп алды. Айша Әділбекқызы күміс жүлдегер атанса, Әсел Әубәкір мен Айдана Сүндетбай қола жүлдегерлер қатарында.