Саясат • 12 Тамыз, 2019

Алматылық құрылысшыларды құттықтады

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тамыз айының екінші жексенбісі елімізде құрылысшылардың кәсіби мерекесі ретінде атап өтіледі. Мерейлі күн қарсаңында Алматыға жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы Асқар Мамин қала құрылысына қомақты үлес қосқан еңбеккерлерді құттықтау салтанатына қатысты.

Алматылық құрылысшыларды құттықтады

Алып мегаполис жыл сайын көркейіп, биік үйлер мен зәулім ғимараттар бой түзеп келеді. Бұл нысандардың барлығында құрылысшылардың қолтаңбасы жатыр. Сондықтан құрылысшы еңбегi қашан да құрметке лайық. Биыл Алматыда 2 млн 100 мың шаршы метр құрылыс жүргізіледі. Оның 75 мың шаршы метрі мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғызылатын пәтерлер. Жыл басынан бері қалада 1 жарым мың отбасы қоныс тойын тойлаған.

«Бүгінде құрылыс саласы экономиканың негізгі драйверлерінің бірі болып табылады. Өткен 7 айдың қорытындысы бойынша құрылыс саласының өсу қарқыны 11 пайызға жуықтады. Ал, экономикамыз жалпы алғанда 4 пайызға дамыды. Демек, құрылыс саласы экономиканы дамытуға серпін беріп отыр. Мұның барлығы сіздердің жанкешті еңбектеріңіздің арқасындағы көрсеткіш. Сондықтан, Қазақстанды көркейту жолындағы күнделікті жұмыстарыңызға табыс тілеймін!», – деді  ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин.

 

АЛМАТЫ