Экономика • 08 Тамыз, 2019

Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласына қарасты Байқоңыр аудандық әкімдігі, Байқоңыр аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері «Алаш», «Автогрант», «Сапа», «Big Шанхай» сауда орталықтары мен базар басшыларымен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

 

Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Жобаның негізгі мақсаты салық төлеушілердің салық төлеу мәдениетін көтеру, салық туралы заң талаптарын орындау, көлеңкелі экономикадан табыс көлемін шығару және мемлекеттік кіріс саласындағы мемлекеттік органдар тарапынан жасалатын тексерістерді азайту.

Меморандумға сәйкес, жалға беру туралы келісім-шарт жасау барысында жалға беруші тарап жалға алатын тарапта келесі құжаттардың болуына назар аударуы тиіс:

  • Мемлекеттік кіріс органдарында міндетті түрде тіркелуі;
  • Онлайн-ККМ, POS-терминалдарды міндетті түрде қолдануы;
  • Жалдамалы жұмысшылардың әрбірімен еңбек келісім-шарттарының болуы;
  • Алкогольды өнімдерді сақтау мен сатуға лицензиялардың болуы.

Бұдан бөлек, Байқоңыр аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы жалға алушылар арасында қолданыстағы салық заң талаптарын түсіндіру жұмыстары мен семинарлар өткізуді жоспарлап отыр.

Салық кезеңінің қорытындысы бойынша, Байқоңыр аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілердің дерекқорын басқару жұмыстарын жүргізбек. Заңбұзушылық фактілері анықталған жағдайда ескерту қағаздары базарлар мен сауда орталықтарының әкімшіліктеріне олқылықтарды жою үшін жіберіледі. Егер салықтөлеушілер заңбұзушылықты жоюдан бас тартса, Меморандумға сәйкес, олармен жасалған жалға беру келісім-шарты өз күшін жоғалтуы мүмкін.