Аймақтар • 13 Тамыз, 2019

Маңғыстауда Ассамблея ғимаратында тұрғындарға кеңес беру орталығы ашылды

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында тұрғындарға әр түрлі салада бағыт-бағдар, кеңес беру орталығы ашылды.

 

Маңғыстауда Ассамблея ғимаратында тұрғындарға кеңес беру орталығы ашылды

Аптаның әр күніне белгіленген қабылдауда алғашқы болып Маңғыстау облысының Жұмыспен қамтуды үйрету үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тұрғындарға көп балалы аналарға, мүгедектерге, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға төленетін жәрдемақы және т.б. жөнінде кеңес береді. Ал әр сейсенбіде тұрғындар Маңғыстау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мамандарынан баспана алуға тіркелу жөнінде, 7-20-25 тұрғын үй ипотекасы жөнінде кеңес алса, сәрсенбі сайын Маңғыстау облысы білім басқармасы маманы білім саласы мәселелері бойынша және Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы мен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облыстық филиалы облыс тұрғындарына кепілдендірілген тегін көмек және медициналық сақтандыру туралы, қажетті дәрі-дәрімекпен қамтамасыз өту жөнінде ақпарат береді.

Бейсенбі күні  Маңғыстау облысы ауылшаруашылығы басқармасы маманы ауыл шаруашылығында мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша , Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация орталығының меңгерушісі дау мен жан-жалды, шиеленістерді шешу кезінде татуласу рәсімдерінің тиімділігін түсіндіру бойынша жұмыстанады.

Маңғыстау облысы