Істің арты насырға шаба жаздап, абырой болғанда ашуды ақыл мен сабыр жеңді. Дегенмен, арада болған кикілжіңнің салдарынан бірнеше шетел жұмысшысы жарақат алып, оларға дер кезінде медициналық көмек көрсетілді.
Қалыптасқан жағдайды реттеу үшін аталған елді мекенге облыс әкімі Ерлан Қошанов жедел жетіп, Жәйрем кенті тұрғындарымен және жергілікті кен-байыту комбинатының жұмысшыларымен кездесу өткізді. Өңір басшысымен болған әңгімеден соң, ашу мен өкпе-реніш басылып, жағдай өзінің қалыпты арнасына түсті.
Қазіргі таңда Жәйремдегі жағдай облыс басшылығының тікелей бақылауына алынған.
Қарағанды облысы