Осыдан бірер жыл бұрын 45 кило, 90 кило жайын ұстап, рекорд қойған болатын. Енді міне, Аслан Жайынов рекордын жаңартпаса да тағы мәрте жайын ұстап отыр. Бұл жолы екеуін қатарынан ұстаған. Суреттен көріп отырғандарыңыздай үлкені – 65 кило, ал кішісі – 20 кило салмақ тартқан.
Мұндай олжадан кейін Жайыновтың жайын ұстауы заңдылық секілді. Аслан қысқа сақадай сай болып, жайын етін тұздап та қойған болар.
Қайрат ЖАҚЫП
Батыс Қазақстан облысы,
Қазталов ауданы