Аймақтар • 14 Тамыз, 2019

Tour of Almaty жарысы өтеді

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Алматыда жетінші рет велоспорттан Tour of Almaty екі күндік веложарысы ұйымдастырылмақ. Аталған бәсеке қазіргі таңда Орталық Азиядағы ең ірі велододаға айналды.

Tour of Almaty жарысы өтеді

Соңғы үш жылдан бері Tour of Almaty халықаралық кәсіпқой веложарысы екі күндік болып өткізіліп жатыр. Соның арқасында жарысқа қатысқысы келетін спортшылардың саны да артуда. Енді Алматыға спринтерлер де, тауға өрмелегіш велошабандоздар да келе бастады.

30 тамыз күні басталатын жарыстың бірінші кезеңі спринтерлерге арналған. Алғашқы кезең 118 шақырымға созылады. Ал 31 тамыз күні «Road to Medeu», яғни таулы кезең. Бұл кезеңде велошабандоздар 160 шақырымдық тасжолды басып өтеді.

Биылғы жарысқа Қазақстаннан үш, Польша мен Малайзиядан екі, Фран­ция, Ресей, Италия, Латвия, Швейцария, Жапония, Швеция, Аустрия, Әзербайжан және Түркиядан бір-бір команда қатысуға ниет білдіріп отыр.