Аймақтар • 14 Тамыз, 2019

Жылжымалы кешен қызметіне алты мыңға жуық адам жүгінген

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша сапалы медициналық қызметке қолжеткізудегі мобильді топтардың жұмысы туралы хабарлап,  Алматы қаласындағы медициналық мекемелер 1-30 тамыз аралығында өтіп жатқан айлықтың белсендігі туралы баяндап өтті.

Жылжымалы кешен қызметіне алты мыңға жуық адам жүгінген

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша қаланың шет аймағындағы ықшам аудандар тұрғындарына баса назар аударылды, оларға кеңес берілді және бір қадам жақын медициналық көмек көрсетілді.

Жылжымалы кешендер халықты дұрыс қарау үшін заманауи қондырғылармен жабдықталды. Жоғары маманданған медицина қызметкерлері, олардың ішінде терапевтер, педиаторлар, кардиологтар, хирургтер, лор және басқа кәсіби дәрігерлер қабылдаулар жүргізді.

Айлық аясында медицина қызметкерлері халыққа Регистр арқылы тіркелу және мобильді қосымшалар орнату бойынша ақпараттық–түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

1-13 тамыз аралығында қаланың 20-дан астам шет аймақтарындағы 5704 тұрғын бірқатар медициналық тексеруден тегін өтті және түрлі кеңестер алды.

Қоғамдық Денсаулық басқармасының басшысы сонымен қатар медициналық мекемелердің жабдықталуына орай аудит жүргізілгенін айтты. Аудит 71 емдеу мекемесін, оның ішінде 14 стационарды, ЖМЖЖ-нің 38 ұйымын, 7 босану және 12 басқа да мекемелерді қамтыды.

Ал жедел медициналық қызмет көрсету мақсатында 2020 жылға қарай қаладағы ескірген санитарлық автокөліктің орнына  70 автокөлік сатып алу жоспарланып отыр.

 

АЛМАТЫ