Меморандумға қол қойылды
Бейсенбі, 6 маусым 2013 1:22
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжебай Нығмет пен Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің бастығы Махамбет Абисатов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бейсенбі, 6 маусым 2013 1:22
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжебай Нығмет пен Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің бастығы Махамбет Абисатов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы мен Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің арасындағы ұзақ мерзімді заңды қарым-қатынасын білдіретін алғашқы құжат. Осылайша, екі құрылым демократиялық қалыптасуды іске асыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күресу және осы сипаттағы азаматтардың жүгінулерін қарау жұмысын жетілдіру үшін өзара іс-қимыл жасасу және күштерді біріктіру туралы бірыңғай келісімге келіп отыр.
Меморандумға қол қою салтанатына «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы және БҚО ІІД басшылығы, БҚО ІІД жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары қатысты. «Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеттерін жақсарту және дамыту мақсатында осынау меморандумға қол қойылды», деді К.Нығмет.
Осы меморандумды іске асыру бойынша Жол полициясы басқармасында «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау бекеті ашылып, облыс және қала тұрғындарының жүгінулеріне арналған жәшік орнатылды. Бұл жәшікті партияның бекітілген қызметкері ғана аша алады. Келіп түскен хаттар апта сайын алынып, қаралатын болады. Кестеге сәйкес әр аптаның сәрсенбісі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Жол полициясы басқармасының ғимаратында облыстық мәслихат депутаты Асхат Иманғалиев пен партиялық бақылау бекеті азаматтарды қабылдау жүргізеді. Қазіргі уақытта «Нұр Отан» ХДП және БҚО ІІД-нің бірлескен іс-шаралар жоспары дайындалуда, деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметі.