Есірткі елдің есін шығарып тұр. Қаңтар айынан бастап наркологиялық орталықтың есебінде 531 адам тұр. Оның ішінде 384-і иньекциялық есірткі қабылдайтындар. Осы деректерге қарап-ақ есірткі бизнесінің өршіп тұрғандығын аңғаруға болады.
– Заңсыз айналымнан барлығы 425 кг әр түрлі есірткі есірткі заттары тәркіленді.Оның ішінде екі келі героин, 117 келі марихуана, 25 келі гашиш бар,–дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Әленов.
Көкшетауда арнайы операция барысында облыс аумағына аса ірі көлемде гашиш есірткісін жеткізіп, сатумен айналысқан Нұр-Сұлтан қаласының және Жамбыл облысының екі тұрғыны ұсталды. Нәтижесінде 25 келіден аса гашиш тәркіленген. Олар он жыға бас бостандығынан айырылды.