16 Тамыз, 2019

Алматыда мемлекеттік қызметтерге қол жетімділік мониторингінің нәтижелері қаралды

181 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімінің аппаратында Мемлекеттік қызмет істері департаментінің ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыстың бас модераторы  Алматы қалалық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент директорының орынбасары, жұмыс тобының төрайымы Шынарай Әлімханның айтуынша, керекті құжаттың электронды нұсқасын пайдалану арқылы қағазбастылық артта қалып, халыққа қызмет көрсету сапасы артып келеді. Бұл – электронды үкіметтің игілігі. Ал электронды құжат – экономиканы дамытудың негізгі тетігі екені анық.

Алматыда мемлекеттік қызметтерге қол жетімділік мониторингінің нәтижелері қаралды

Қазақ үкіметі 2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуді 80, 2020 жылы 90  пайызын автоматтандыруға көшуді тапсырған болатын.    2019 жылдың бірінші жартысында жергілікті атқарушы орындары ұсынған 181 қызмет түрінің 121-і электронды үкімет форматында көрсетілген.  

Комиссия мүшелері жергілікті және аумақтық органдар ұсынатын бірқатар электрондық қызметтердің қол жетімсіздігінің себептерін бақылауды аяқтау қажеттілігі туралы ұсыныс жасады. Тиісті ұсыныстар бар хатты Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жіберу ұсынылды. Сондай-ақ, отырыста Алматы қаласы бойынша Еңбек комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Алматы қаласындағы қызмет көрсетушілердің ғимараттарында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы ақпарат тыңдалды. Отырыс барысында барлық мемлекеттік мекемелерде азаматтарға жүгінген кезде мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін жеткілікті жағдайлар жоқ екендігі белгілі болды. Осыған байланысты, Алматыдағы Еңбек комитетінің департаментіне қызмет көрсетушілердің ғимараттарында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлардың болуын бақылау шараларын қабылдау ұсынылды.

Алматы қалалық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің маманы Самат Үмбетәлиев  өз саласы бойныша Алматы қаласы бойынша жағдайды сараптап өтті. Қазір мемлекеттік және жеке сектордағы 128  ұйымның 39 электронды форматқа тартылмапты. Халықтың басым бөлігінің цифрлық сауаттылық мәселесіне аса ден қоя бермеуі де электронды үкімет форматының  дамуына қол байлау болып отыр екен.  Жалпы көрсеткіште тұрғындардың электронды үкімет қызметіне жүгіну емес, халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруға басымдық беретіні байқалған.

«Қазір халыққа қызмет көрсету орталықтарында мамандардың жетіспейтіні сезіліп жүр. Себебі жалақы аз және жұмыс ауыр. Алдағы уақытта электронды қызмет түрін оңтайландырып, халыққа барынша жақын және түсінікті форматта ұсынбасақ, жағдай қиындайын деп тұр» деп атап өтті Самат Үмбетәлиев.

Алматы қалалық әкімдігінің өкілі Дархан Ахметов Алматы қаласы электронды үкімет форматына көшуде көш бастап отырғанын айтып өтті.  Тіпті Алматы бұл ретте  Нұр-Сұлтанға қаласына да  үлгі болады екен.

IV тоқсанда Алматы электронды форматқа көшуді аяқтауы тиіс. «Техникалық проблема – ішкі проблема. Біз оны өзіміз шешуіміз керек. Бұл сыртқа әсер етпеуі тиіс», деп атап өтті Дархан Ахметов.    

Саясаттанушы, блогер Марат Шибұтов өзіне дейін сөйлеген спикердің сөзін қолдайтынын ашып айтты. Электронды үкімет форматының негіздерін оқытуды мектептерде, ЖОО-ларда бастау керек. Себебі қазіргі форматты жасы   елуден өтіп кеткен азаматтардың бірден меңгеріп кетуі қиын. Сол себепті оның негіздерін мектепте мектепте оқымай, бүкіл халықтық насихатқа айналдырмай біз алға жылжи алмаймыз. «Халықтың 100 пайызы билік орындарымен байланысын электронды форматқа көшірмей бармақ басты, көз қыстыдан   арыла алмаймыз»,   дейді Марат Шибұтов.           

Жергілікті атқару орындарының электронды үкімет форматына тартылмай отыруының кері есері туралы осы жылдың сәуір айында өткен бас қосуда   кеңінен талқыланған болатын.  Тексеру нәтижелері бойынша, барлық мемлекеттік мекемелерде азаматтар жүгінген кезде мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге жеткілікті жағдайлар жасалмайтындығы анықталған.  

Осы кездесудің қорытындысы бойынша Алматы қаласының Еңбек басқармасы мен әкімдігіне қызмет берушілердің ғимараттарын бекітілген стандарттарға сәйкес келтіру талаптарының сақталмауы себептерін талдау, сондай-ақ еңбек департаменті мен әлеуметтік департамент қызметкерлерін қосу мүмкіндігін қарастыру туралы кеңес берілді.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше